1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 339
- Қабылданған күні
- 02.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2008 · қолданыстағы 39389_363600.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VB000087
- ЭКБ идентификаторы
- 39389
- Редакция идентификаторы
- 39389_363600
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:44
0 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 568 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Семей қаласында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бұдан әрі - ҚІБ) жанынан Ш. Уәлиханов көшесі, 108 – үйде шақыру учаскесі және мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:
Нұралиев Раджаб Тұрсынбайұлы
қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, төраға (келісім бойынша)
Жолжақсынов Тоқтар Біткенбайұлы
қала әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қалалық шақыру комиссиясының мүшелері:
Майлыбаев Талғатбек Смағұлұлы
ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Ысқақов Мүмкина Зинатқызы
дәрігер, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Стикина Елена Ильинична
мейірбике, хатшы (келісім бойынша)
2 2. Азаматтарды Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасындағы шақыру комиссиясынан өткізуді жүргізудің қоса берілген кестесі 2009 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін болып бекітілсін.
3 3. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері:
1 1) шақырылғандарды комиссияға арнайы жабдықталған автобустарда ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің немесе әскери – есеп үстелдері инспекторларының бірге алып жүруімен жеткізуді ұйымдастырсын;
2 2) шақырылғандарды тасымалдау кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін шара қабылдасын.
3 3. Семей қаласы бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Р.Т. Нұралиев (келiciм бойынша):
1 1) шақырылғандарды медициналық куәландыруды жүргізу үшін ҚІБ дәрігер – мамандар мен орта медициналық персоналды негізгі жұмыс орны бойынша еңбекақысын сақтай отырып бөлу;
2
2) шақырылғандар тексеру және емдеу үшін жіберілетін емдеу мекемелерінің тізбесін ҚІБ ұсыну, емдеу – алдын алу мекемелерінің стационарларына ҚІБ жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін төсектер резерві болуы ұсынылсын. Қосымша тексерулер ҚІБ белгілеген, бірақ 10 тәуліктен аспайтын мерзімде актілер жасала отырып жүргізілсін;
3 3) қала ауруханаларынада қажетті талдауларды тексеруді жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4 4. Ішкі істер басқармасына Ж. К. Исәділов (келiciм бойынша):
1 1) шақыру және шақырылғандарды әскери жіберу кезеңінде шақыру учаскесінде кезекшілік ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу;
2 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырудан жалтарып жүрген азаматтарды ҚІБ хабарламасы бойынша іздестіруді қамтамасыз ету ұсынылсын.
5 5. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
15 Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 2008 жылдың 3 сәуірінен 30 маусымына және 1 қазаннан 31 желтоқсан арасында азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу Кестесі
Қала әкімшілігінің қаулысына
2008 жылдың «02» сәуірдегі
№ 339 Бекітілген
Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 2008 жылдың 3 сәуірінен 30 маусымына және 1 қазаннан 31 желтоқсан арасында азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу Кестесі