Құжат мәтініне өту

1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы

Қаулы · № 666 · қабылданған 07.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1981-1990-2008-ekb-39422/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 666 ·07.04.2008
07.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 666 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы
Атауы (қаз.)
1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
666
Қабылданған күні
07.04.2008
Көрсетілген редакция
07.04.2008 · қолданыстағы 39422_363802.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VN000065
ЭКБ идентификаторы
39422
Редакция идентификаторы
39422_363802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:42

0 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 19 бабы 3 тармағына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес, 2009 жылдың көктемі мен күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақтылы және сапалы түрде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы мынада құрамда құрылсын:

Виктор Құмарбекұлы Андинов
- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Руслан Женгенұлы Жанбирбаев
- аудандық ішкі саясат бөлімінің  жетекші маманы, төрағаның  орынбасары
Рахиева Фарида Жұмағалиқызы
- Күршім орталық аудандық аурухана бірлестігі»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Комиссия мүшелері:
Мұхаметкәрім Әбдірахманұлы Құсайынов
- Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры, (келісімі бойынша)
Жанат Қапасқызы Әміренова
- Күршім ауданының орталық аудандық аурухана  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының поликлиника меңгерушісі (келісімі бойынша)

2

2. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.

3 3. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (бастықтың міндетін атқарушы Қизатаев.С.Т., келісімі бойынша):

1 1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;

2 2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;

3 3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу ұсынылсын.

5 5. Күршім ауданының «№ 1 медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына (Игісінов.Ф.О., келісімі бойынша) және Күршім ауданының Теректі ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына (Блейменов М.Б., келісімі бойынша):

1 1) шақырылушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;

2 2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;

3 3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің қажет санын бөлу;

4 4) шақырылушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу;

5

5) шақырылушыларды медициналық куәландыру және медицина қызметкерлерінің жұмысын «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 4 наурызда 3560 нөмірімен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 8-10 маусымдағы 46, 47, 48 нөмірлерінде жарияланған) бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастыру;

6 6) дәрігерлер кеңесін, пікір алмасуларды қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Қ.Т. Бекпау келісімі бойынша):

1 1) шақырылушыларды әскерге аттандыру және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2 2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ескеруімен мерзімді әскери қызметке шақырылудан және әскери есепке тұрудан бас тартатын азаматтарды іздестіру мен оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.

7 7. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.

8 8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы