1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №563 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» №128 бұйрығы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 Заңының 18,19,20,21,22,23,44 баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31- бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 18.04.2008 г. № 267 (1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. Зайсан ауданында 1981-1990 жылдары туған ер азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыру 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-
желтоқсанында өткізілсін.
2. Зайсан ауданнының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне
(Н.Н. Түнғатаров келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (З.Қ.Қалибеков келісім
бойынша) және №1 Бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы
КМҚК-ның бас дәрігері (Р.А.Базарова келісім бойынша):
1) медициналық куәландыру жүргізу үшін аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінде әскери-дәрігерлік комиссия құруға қажетті мөлшерде
маман-дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін бөлу;
2) тұрақты емделу, емдеу-сауықтыру мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
3) шақыру кезінде тісін емдеуді қажет ететіндердің ауыз қуысын қосымша емдеуден өткізуді қамтамасыз ету;
4) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери -дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірінің 2005 жылдың 4 наурызындағы №100 бірлескен бұйрығына сәйкес қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
5) әскери қызметке шақыру жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырылушылардың тізімі тапсырылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекіту келесі шақыруға дейін емделулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:
Түнғатаров Нұрмахан Нұрғазыүлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы - Зайсан ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Тауасарова Гүлмира Әнуарбеккызы - аудандық аурухананың жасөпірім-дер дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Ақатаев Жасұлан Берікханұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімнің бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Қамшыбаева Ардак Хайроллақызы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері (келісім бойынша);
Бегімжанова Г үлия Төлеуханқызы - аудандық аурухана медбикесі комиссия хатшысы (келісім бойынша).
5. Ауылдық округтер әкімдеріне:
1) іссапарда, демалыста жүрген барлық әскерге шақырылушыларды кері шақыртып, шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру учаскесіне келуін көлікпен және жанар-жағар маймен қамтамасыз ету;
2) әскерге шақырылушыларға шақыру учаскесіне келу туралы дербес шақыру қағаздарын табыс ету;
3) әскерге шақырылушыларды шақыру пунктіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлу және оларды тасымалдауда жазатайым оқиғалардан сақтаудың барлық шараларын жасау;
4) әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуді салтанатты жағдайда жүргізу міндеттелсін.
6. Аудандық ішкі саясат бөлімі (З.Мұхаметкариева) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын.
7. Аудан әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімі (М.Саиарғалиева) :
1) байланыс жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жалға алған
ғимаратының ағымдық жөндеу жұмыстары және жалға төлеу
ақысын төлеу;
2) әскерге шақыру шараларын өткізу уақытында қосымша жанар-жағар май бөлінуі, канцелярлық заттар шығындарын төлеу;
3) әскерге шақырушыларды дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындарды төлеу;
4) әскери —дәрігерлік комииссияға, әскерге аттану уакытында жабдықталған көлікпен қамтамасыз ету келісімшартпен, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық кызметкерлерді келісімшартпен жұмысқа қабылдау аудан бюджетінде каралған қаржы есебінен бөлу;
5) әскерге шақырушылардың құжаттарын дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге типографиялық тапсырыстарга және аудандық жинақтау пунктіне медициналық құрал жабдықтар, дәрі-дәрмектер алуга аудан бюджетінен қаралған қаржы есебінен бөлу міндеттелсін.
8. Аудандық ішкі істер бөлімі (Н.М. Тугелов келісім бойынша) әскерге
шақырылудан жалтарып жүргендерді іздестіруді қамтамасыз етіп, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жеткізу, сондай-ақ әскерге шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету
ұсынылсын.
9. « 1980-1989 жылдары туган азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Зайсан ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 811 (Нормативтік құкықтық акті мемлекеттік тіркеу тізімінде 5-11-60 нөмірімен тіркелген, 2007 жылгы 23 шілдедегі аудандық «Достық» газетінің №30 санында жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
11. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
« КЕЛІСІЛДІ: »
Аудандық aурухананың
бас дәрігері
Қалибеков.З.К.
Аудандық аурухананың
жасөспірімдер
дәрігері
Тауасарова Г.А.
Аудандық аурухана медбикесі
Бегімжанова Г.Т.
Аудандық корғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
Түнғатаров Н.Н.
Аудандық қорғаныс істері
бөлім қызметкері
Қамшыбаева А.Х.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Тугелов Н.М.