Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № А-195 · қабылданған 28.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1981-1990-2008-ekb-39936/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ А-195 ·28.04.2008
28.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ А-195 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-195
Қабылданған күні
28.04.2008
Көрсетілген редакция
28.04.2008 39936_287466.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BD000118
ЭКБ идентификаторы
39936
Редакция идентификаторы
39936_287466
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:31

0 1981- 1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттеме және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуіріндегі № 563 «Анықталған мерзімде әскери кызметін аткарған мерзімді әскери қызметтегі әскери кызметшілерінің запасқа босатылуы және Қазақстан Республикасының азаматтардың 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылуын уақытылы, ұйымшыл және сапалы өткізу мақсатында Аршалы ауданының әкімі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1 1. Аршалы ауданының 1981-1990 жылғы туған ер азаматтарын әскери қызметке 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуы камтамасыз етілсін.

2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын (тіркеме 1) және азаматтарды әскери қызметке шақыру өткізу кестесі бекітілсін (тіркеме 2).

3 3. Он сегіз бен жиырма жеті жасқа дейінгі әскерге шақырушыларды медициналық тексерістен өткізілуін аудандық әскерге шақыру комиссиясы жүрігізілсін.

4 4. «Аршалы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығына (Андрух Е.А.) 2008 жылға қарастырылған аудан бюджеті көлемінен әскерге шақыру жұмыстарының уақытылы қаржыландырылуы қамтамасыз етілсін.

5 5. Аршалы ауданының орталық емханасының бас дәрігеріне (Биджиевке В.М.) (келісім бойынша):

1 1) әскерге шақырылушыларды сапалы медициналық тексерістен өткізу үшін медициналық комиссия құрамы білікті дәрігер - мамандар және орта медициналық қызметкерлерінен құрылсын;

2 2) аудандық әскерге шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық жабдықтармен, шаруашылық шағын мүліктермен қамтамасыз етілсін.

6 6. Мекемелердің, кәсіпорындардың, оқу орындарының басшыларына және ауыл әкімдеріне келесідей ұсыныс жасалсын:

1 1) әскерге шақырушылар жеке шақыру қағаздарында көрсетілген қажетті құжаттармен әскерге шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етілсін;

2 2) әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдері шақыру пунктіне шығарып салу ұйымдастырылсын.

7 7. Аршалы ауданының ішкі істер бөлімінің бастығына (Е.А. Муқановке) (келісім бойынша):

1 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскерге шақырушыларды жіберу және шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті ұстауын қамтамасыз етілсін;

2 2) бұрын сотталған, сотта немесе тергеуде жүрген әскерге шақырушылар туралы жазбаша хабарлама жасалынсын;

3 3) әскерге шақырушыларды тасымалдауда жол қауіпсіздігімен қамтамасыз етілсін.

8 8. Осы Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысы 2008 жылдың 3 сәуір айындағы құқықтық қатынастарға тарайды.

9 9. 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы; 2007 жылдың 18 мамыр айындағы № А-272 Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп саналсын.

10 0. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Аршалы ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан күшіне еніп аудандық «Вперед», «Аршалы айнасы» газеттерінде ресми жарияланған соң қолданысқа еңгізіледі.

11 11. Осы каулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Т.Ж. Мамбетовке жүктелсін.

19 Аршалы аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Аудан әкімінің
2008 ж. «28» 04 № А-195
қаулысына қосымша
Аршалы аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Асылбеков Нұржан Төлеужанұлы - капитан, Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы
Ахметов Балықбай Әуезханұлы - Аршалы аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Оспанов Сапар Қалиұлы - полиция майоры, Аршалы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Демидович Людмила Николаевна - терапевт, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша)
Баймулдина Алия Мұратбекқызы - шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

20 Азаматтарды әскери қызметке шақыру өткізу КЕСТЕСІ

Аудан әкімінің
2008 ж. «28» 04 № А-195
қаулысымен бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке шақыру өткізу КЕСТЕСІ

Қолданыстағы