Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 08.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2008 · қолданыстағы 40121_346637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DF000046
- ЭКБ идентификаторы
- 40121
- Редакция идентификаторы
- 40121_346637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:29
0 Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 563 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлім 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырылсын және өткізілуін қамтамасыз етілсін.
2 2. Аудандық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық ету және бақылау жасау үшін аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
3 3. Аудандық орталық аурухана мемлекеттін қазыналық кәсіпорны (Есімқұлов Тұрлан Әбдырақманұлы).
1 1)аудандық шақыру комиссиясын білікті маман-дәрігерлерімен және орта буын медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;
2 2)инструкторлық-әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес шақырушыларды дер кезінде медициналық іріктеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
3 3)шақырылушыларды адамдардың иммунды тапшылық вирусы (АИТВ) инфекциясына ақысыз тексерудің сондай-ақ тексерулердің басқа да түрлерін қамтамасыз етсін.
4 4)шақыру (жинау) пункттерін қажетті құралдармен, медициналық, дәрі дәрмекпен жабдықтасын;
5 5)шаҚырылушыларды тексеру үшін денсаулық сақтау ұйымдарында төсек-орынның қажетті саны бөлінсін.
4 4. Аудандық ішкі саясат бөлім (Тілеубаев Бақыт Тілеубайұлы) жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғау жөніндегі Конституциялық борышын қалтқысыз орындауға тәрбиелеу жұмысын жандандырсын.
5 5. Аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі (Жақыпов Қahap Рахметұлы)
Әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттық
тәрбие беру жұмыстарын жандандырсын, кәсіпорындар мен орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақылап, тексерулер ұйымдастырсын.
6. Аудандық ішкі icтep бөлімі (Құсайынов Мақсат Болатұлы).
1 1)аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне бұрын сотталған, қылмыстық жазасын өтеп жүрген, қоғамта қарсы әрекеттерімен және басқалай қылмыстары үшін сот пен тіркеуде жүрген кезекті мерзімді әскери қызметке шақырушылар жайлы хабарлау.
2 2)Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыру және жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдык тәртіп сақтауды қамтамасыз ету.
3 3)жалпыға бірдей әскери міндеттіліккті орындаудан жалтарып жүргендерді іздесін.
7
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi (Сқабаев Бақыт) көктемгі және күз айларында әскерге шақыру мерзімінде аудандық қорғаныс icтep жөніндегі бөліміне техникалық қызмет пен ic- қағазын басуға ақылы коғамдық жұмысқа тартылғандар есебінен қажетті адамдар бөлу тапсырылсын, коғамдық жұмысқа тартылатын азаматтар саны- 5 (бес).
8
8. Аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі (Көшербаев Марат Жеңісұлы) көктемгі шақыру жөнінде осы қаулының орындалуы туралы Алматы облысы жұмылдыру дайындағы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасына көктемгі шақыру бойынша 2008 жылғы 20 шілдеге және күзгі шақыру бойынша 2009 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.
9
9. Балқаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 маусым күнгі № 1378 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерін тipкey тізімінде 18 шілде 2007 жылы тіркелген №2-6-32 және аудандық «Балқаш өңірі» газетінің 24 шілде 2007 жылғы жарияланған) «Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоксан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының күші жойылсын.