Об итогах приписки к призывным участкам граждан 1981 года рождения, проведенной военными комиссариатами области в январе-марте 1998 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об итогах приписки к призывным участкам граждан 1981 года рождения, проведенной военными комиссариатами области в январе-марте 1998 года
- Атауы (қаз.)
- Облыстың әскери комиссариаттары 1998 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізген шақыру учаскелеріне 1981 жылы туған азаматтарды тіркеу қорытындылары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-386р
- Қабылданған күні
- 01.07.1998
- Көрсетілген редакция
- 01.07.1998 1151_256903.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000042
- ЭКБ идентификаторы
- 1151
- Редакция идентификаторы
- 1151_256903
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:38
0 Облыстың әскери комиссариаттары 1998 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізген шақыру учаскелеріне 1981 жылы туған азаматтарды тіркеу қорытындылары туралы
Ескертуі. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу туралы"» Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1995 жылғы 28 қазандағы N 1072 қаулысына, облыс әкiмiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1-240 өкiмiне сәйкес қалалық, аудандық әскери комиссариаттар тiркеу жылы 17 жасқа толған азаматтарды, сондай-ақ бұрын шақыру учаскелерiне тiркелмеген ересек жастағы азаматтарды тiркеу жұмысы жүргiзiлдi.
Шақыру учаскелерiне азаматтарды тiркеудi ұйымдастыру және жүргiзу жөнiнде Семей, Лениногор қалаларында, Зайсан ауданында (әкiмдер Бутин В.С., Щепетильников В.М., Садықов Б.М.) жүргiзiлген жұмыс жақсы қырынан көрiндi.
Тiркеу комиссиясына 12201 адам шақырылды. Тiркеу учаскелерiне 11998 адам тiркелдi. Тiркеу комиссиясына 203 адам келмедi (Абай ауданында - 2 адам, Аягөз ауданы - 52 адам, Үржар ауданы - 14 адам, Семей қаласы - 31 адам, Өскемен қаласы - 104 адам ).
Медициналық куәландыру нәтижесi бойынша:
1) әскери қызметке жарайтындар - 7283 адам (60 процент);
2) әскери қызметке бейбiтшiлiк кезiнде жарамайтын, соғыс кезiнде жарайтындар - 1530 (12 процент);
3) емделуге мұқтаждар - 4842 (40 процент);
4) әскери қызметке жарамай, әскери есептен шығарылатындар - 92 адам (0, 8 процент) деп танылды.
әскери қызметке жарамдық ең төменгi көрсеткiш: Аягөз ауданында - 28 процент, Катонқарағайда - 29,4, Бесқарағайда - 33,7, Абай ауданында - 39,3 процент, Семей қаласында - 32,5 процент болды.
Жастардың әскери қызметке жарамдық процентi өткен жыл iшiнде 15 процент төмендедi.
Ұлан, Бесқарағай, Күршiм, Глубокое аудандарында азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу кезiнде жеткiлiктi және уақтылы қаржыландырылмағандықтан техникалық қызметкерлердiң еңбегiне, көлiк жұмысына ақы төлеуге, жанар-жағар май, кеңсе тауарларын сатып алуға, жекебас iстерiн ресiмдеуге, тiркелушiлердi жеткiзуге, медициналық тексерулер жүргiзуге байланысты қиындықтар туды. Жарма және Тарбағатай аудандарының әкiмдерi техникалық қызметкерлер, автокөлiк және жанар-жағар май бөлудi өз шешiмдерiмен ұйымдардың және кәсiпорындардың басшыларына жүктеген. Алайда осы аудандар әкiмдерiнiң шешiмдерi орындалмаған, мұның өзi елеулi қиындықтар туғызды. "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында азаматтарды тiркеудi және шақыруды жүргiзуге байланысты шығыстар жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады деп айқындалған (35 баптың 1-тармағы).
Осындай жағдай Күршiм ауданында да орын алды, мұнда кейбiр ауылдық округтердiң азаматтары өз есебiнен немесе ат-арбамен келген.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты:
1. Өскемен (Лукин А.А.), Семей (Бутин В.С.) қалаларының, Аягөз (Кәрiмов А.М.), Үржар (Селиханов Д.М.), Жарма (Белихин И.В.), Тарбағатай (Түсiпбеков Т.Т.), Ұлан (Әубәкiров А.А.), Бесқарағай (Уәлиев М. С.), Күршiм (Сләмов Б.Б.), Глубокое (Әкiрамов М.А.) аудандарының әкiмдерiне 1998 жылы шақыру учаскелерiне азаматтарды тiркеудi ұйымдастырудағы және өткiзудегi кемшiлiктерi атап көрсетiлсiн, олқылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдансын, "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын барлық жауапты адамдардың бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсiн.