Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан 1982-1991 годов рождения на воинскую службу весной-осенью 2009 года

Қаулы · № 1455 · қабылданған 08.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1982-1991-2009-ekb-46561/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан 1982-1991 годов рождения на воинскую службу весной-осенью 2009 года Күшін жойған Қаулы ·№ 1455 ·08.06.2009
12.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан 1982-1991 годов рождения на воинскую службу весной-осенью 2009 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 1455 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан 1982-1991 годов рождения на воинскую службу весной-осенью 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылдың көктемі-күзінде 1982-1991 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1455
Қабылданған күні
08.06.2009
Көрсетілген редакция
12.02.2010 AI46561_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CA000113
ЭКБ идентификаторы
46561
Редакция идентификаторы
AI46561_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:57

0 2009 жылдың көктемі-күзінде 1982-1991 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18, 19, 20, 21, 23, 44 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі шақыру кезеңінде 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2009 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шұғыл әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.

2 2. Қалалық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе қаласы бойынша денсаулық сақтау бөлімі (М.Нұртазин келісім бойынша) «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағына:

1 1) шақырылушыларға медициналық куәландыруды жүргiзу үшiн дәрігер-мамандар мен медбикелер және дәрігер-мамандардың резервтік құрамын бөлсін;

2 2) 2009 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі аралықта «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф.025у) жеткiзсiн;

3 3) қажет болса «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша шақырылушыларды қосымша медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етсін, ол үшін бекітіліп берілген емдеу-профилактикалық ұйымдарға төсек-орынның қажетті санын бөлсін;

4 4) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырылушылар туралы үш күннің ішінде «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне хабарласын.

4 4. Ақтөбе қалалық әділет басқармасы (Б.Ерімбетов келісім бойынша) әскери есепке алу құжаттарында әскерге шақырушылардың әскери есепке алынғаны немесе әскери есептен шығарылғаны туралы белгілері болған жағдайда тұрғылықты жайларына тіркеу мен шығаруды іске асырсын.

5 5. Қалалық ішкі істер басқармасы (Е.Есмаханов келісім бойынша)

1 1) шақырудың барлық кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн екi адамнан тұратын полиция нарядын бөлсiн;

2 2) әскери міндетті орындаудан бас тартушы адамдарды іздестіру және ұстау жүргізсін;

3 3) жетi күндiк мерзiм ішiнде «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын;

6 6. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына әскерге шақырылушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Арынғазиева) қызметкерлер бөлсін.

8 8. Селолық округтер әкiмдерi «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

9 9. Қала әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала және мәдени дамыту мониторингi бөлiмi (М.Кабыл) және «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру бөлімінің бастығымен (Б.Бахаев) бірлесіп шақырылушылар арасында тәрбие жұмыстары бойынша шаралар өткізсін.

10 10. Шақыруды жүргізу кезінде шақыру учаскесіне жұмыс істеуге жолданған шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталсын.

11 11. «Қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.Айдашева) шақыру бойынша шараларды орындауға байланысты шығындарды қаржыландыруға қаржы бөлсін.

12 12. «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Т.Бөлтеев) қала әкiмiне 2009 жылдың 5 шілдесіне және 2010 жылдың 5 қаңтарына шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсін.

13 13. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Бөлтеевке жүктелсiн.

14 Қалалық шақыру комиссиясының құрамы

14. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмi                         А.Мұхамбетов
Қала әкімдігінің
2009 жылғы 8 маусымдағы
№ 1455 қаулысына
қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Бөлтеев                   - «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi
Теміржан Көптілеуұлы        жөнiндегi басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрағасы
Оразаев                   - қала әкімі аппаратының
Жолдас Жарасұлы             әлеуметтік сала және мәдени
дамыту мониторингі бөлімінің
бас маманы, комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Нұрғалиев                 - қалалық ішкі істер басқармасы
Бақытжан Дауылбайұлы        бастығының орынбасары
Оразаева                  - № 2 кеңес беру - диагностикалық
Гүлжиян Рақымғалиқызы       емханасы бас дәрігерінің
медицина бөлімі жөніндегі
орынбасары, медициналық
комиссияның төрайымы
Сухобрус                  - № 3 кеңес беру-диагностикалық
Наталья Михайловна          емханасының мейірбикесі,
комиссия хатшысы
Резерв:
Бахаев                    - «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi
Бекжан Өтесінұлы            жөнiндегi басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің келісім
шарт бойынша әскери қызметке
алынушылар мен әскерге
шақырылушыларды жинақтау
бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасы
Қабыл                     - қала әкімі аппаратының
Мадьяр Рақымжанұлы          әлеуметтік сала және мәдени
дамыту мониторингі бөлімінің
бастығы
Резервтік комиссия мүшелері:
Әлиев                     - Ақтөбе қаласы ішкі істер
Қанат Сәбетұлы              басқармасы қоғамдық қауіпсіздік
бөлімшесінің бастығы
Иманбердиева              - № 1 кеңес беру-диагностикалық
Роза Арстанбековна          емхананың дәрігер-терапевті
Байтерекова               - дәрігерлік жедел жәрдем емханасы
Жанар Жағыпарқызы           қабылдау бөлмесінің мейірбикесі,
комиссия хатшысы

Қолданыстағы