Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан 1982 года рождення к призывным участкам

Өзге акт · № 139 · қабылданған 01.09.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1982/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О проведении приписки граждан 1982 года рождення к призывным участкам Күшін жойған 01.09.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении приписки граждан 1982 года рождення к призывным участкам

Күшін жойған Өзге акт № 139 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан 1982 года рождення к призывным участкам
Атауы (қаз.)
1982 жылы туған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
139
Қабылданған күні
01.09.1998
Көрсетілген редакция
01.09.1998 1943_206419.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98B000018_
ЭКБ идентификаторы
1943
Редакция идентификаторы
1943_206419
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:33
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1982 жылы туған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
“Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жігіттерді әскери есепке алу, олардың санын, әскери кызметке дайындық дәрежесін, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен физикалық жағынан дайындық деңгейін анықтау үшін:

1. Облыстық, Степногорск қалалық және аудандық комиссариаттар 1999 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1982 жылы туған жігіттерді, сондай-ақ бұрын тіркелмеген жасы үлкен азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркесін.

2. Степногорск қаласы мен облыс аудандарының әкімдері:

1) азаматтарды тіркеу үшін шақыру учаскелері мен комиссияларын құрсын, жоғарыда аталған Заңның 35-бабының талаптарына сәйкес олардың қызметін қамтамасыз етсін;

2) әскери комиссариаттармен бірлесіп 1999 жылғы 1 қаңтарға дейін бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан тіркеу столдарында, тұрғын үй-пайдалану мекемелерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында әскер қатарына шакырылушылардың алғашқы есепке алынуын ұйымдастырсын.

3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1998 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында ауруларды анықтау және оларды дер кезінде емдеу мақсатында 15-16 жастағы жігіттерді тереңдетілген медициналық тексеруден өткізсін.

4. Облыстық ішкі істер басқармасы шақыру учаскелерінде тәртіпті қамтамасыз ету және тіркеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіру бойынша әскери комиссариаттармен бірлесіп әрекет етуді ұйымдастырсын.

5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстың әскери комиссарына жүктелсін.