Құжат мәтініне өту

1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қаулы · № 03/08 · қабылданған 16.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1983-1992-2010-ekb-51938/?version=AI51938_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 03/08 ·16.03.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

ҚАЗ1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 03/08 · қабылданған 16.03.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Атауы (қаз.)
1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
03/08
Қабылданған күні
16.03.2010
Көрсетілген редакция
30.04.2010 · қолданыстағы AI51938_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KJ000114
ЭКБ идентификаторы
51938
Редакция идентификаторы
AI51938_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:47

0 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы,"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына (әрі қарай заң) сәйкес 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, уақытылы және сапалы өткізу мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 Комиссия мүшелері:

1. 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыру үшін Заңның 17 бабының 5-тармағына сәйкес құрамда әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Бекмагамбетов
Болат Абдикешович
- комиссия төрағасы,
алқаш қаласының
қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген
бөлімінің бастығы
Абеуова
Салтанат Мірәсілқызы
- комиссия төрағасының
орынбасары, Ақтоғай
ауданы әкімінің
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Цхай
Дмитрий Генадиевич
- Балқаш қаласының
қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімінің
әскерге шақыру және
шартты әскери қызмет
бөлімінің бастығы
Мұхаметбеков
Нұрлан Амандыкович
- Ақтоғай ауданының ішкі
істер бөлімінің
бастығының орынбасары
Мұқашев
Жанат Аманжолович
- Ақтоғай аудандық
медициналық
бірлестігінің бас
терапевт дәрігері,
дәрігерлік комиссияның
төрағасы
Мукашбекова
Панар Саматовна
- комиссия хатшысы, Ақтоғай
аудандық медициналық
бірлестігінің медбибісі.

2

2. Ауданның кент, селолық округтердің әкімдері, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының басшылары және меншік түріне қарамастан басқа да ұжым басшылары 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын 1983-1992 жылдары туылған барлық азаматтардың Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің тізімдері және кестесі бойынша әскерге шақыру жиын учаскелеріне дәрігерлік сараптамадан және жедел әскери қызметке шақыру комиссиясынан өту үшін ұйымшылдықпен міндетті келуін, 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын іс-сапарда және кезекті демалыста жүрген 1983-1992 жылдары туылған барлық азаматтарды Заңның 19 бабына сәйкес іс-сапардан және кезекті демалыстан шақырып алуға оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын учаскелеріне уақытылы міндетті келуін қамтамасыз етсін. Сонымен бірге оларды мекен жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жедел әскери қызметке шақыру комиссиясына дейін және кері қарай, мекен жайынан Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жедел әскери қызметке шақыру комиссиясына дейін және кері, мекен жайынан Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерге шақыру жиын учаскесіне дейін жедел әскерге аттандыру үшін жеткізіп салу жұмыстарын ұйымдастырсын.

3 3. 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруға байланысты Заңның 44 бабының 1-тармағына сәйкес төмендегі іс-шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін:

1 1) ауданның әскерге шақыру жиын учаскесі үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда ғимаратты жалға алу, жөндеу) коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумен қамтамасыз ету, жылу беру, тазарту т.б) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдары және кезекші автокөлік бөлінсін;

2

2) Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Ш. Естеков) 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін, әскерге шақыру учаскелерін қажетті маман дәрігерлермен, орта медбибілермен, техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін және азаматтарды емдеу үшін арнайы орындар бөлсін.Сонымен бірге флюорографияға, ЭКГ-ға түсіру үздіксіз жұмыс істесін;

3

3) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Түсіпбеков) 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу мерзіміне, яғни 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына дейін ақы төленетін қоғамдық жұмысқа тіркелген жұмыссыздар есебінен Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын учаскелеріне 3 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін.

4

4. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Зейнелгабдин) Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға комиссиядан өткізуге байланысты әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін шараларды 2010 жылғы бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.

5

5. Ауданның ішкі істер бөлімі (С.А. Тұрлыбеков - келісім бойынша) Заңның 18 бабының 3-тармағына және 44-бабының 2-тармағына сәйкес жалтарып жүрген жедел әскерге шақырылушыларды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын учаскелеріне жиналу, апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

6

6. Ауданның барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына, меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа ұжым, қоғам басшыларына және кент, селолық округтердің әкімдеріне Заңның 18, 19, 44 бабтарына сәйкес 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізудің маңыздылығы ескертілсін.

7 7. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмагамбетов - келісім бойынша) 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақырудың өткені жөніндегі қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2010 жылдың 15-шілдесіне және 25-желтоқсанына ұсынсын.

8

8. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 04/06 қаулысының (Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 05 мамырында N 8-10-81 тіркелген, аудандық жұма cайынғы "Тоқырауын тынысы" газетінде 2009 жылдың 8 мамырындағы N 18 шығарылымда жарияланған) күші жойылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Абеуоваға жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
С.А. Тұрлыбеков
19.03.2010 ж.
Балқаш қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
Б.А. Бекмагамбетов
19.03.2010 ж.