Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан 1984-1993 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 51 · қабылданған 23.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1984-1993-2011-ekb-58084/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан 1984-1993 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 51 ·23.03.2011
28.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан 1984-1993 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 51 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан 1984-1993 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
1984-1993 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
23.03.2011
Көрсетілген редакция
28.03.2012 58084_192605.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11D0002069
ЭКБ идентификаторы
58084
Редакция идентификаторы
58084_192605
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:49

0 1984-1993 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 1163 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы N 250 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында он сегіз және жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтік белгiленген мерзімін өткермеген азаматтардың әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.

2 2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау үшін Алматы облысында шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3 3. Талдықорған қаласының әкімі (С.Е. Жылқайдаров) облыстық жинау пунктіне мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде 5 (бес) техникалық қызметкерді бөлсін.

4

4. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент (М.Дарманқұлов келісім бойынша) көктемгі шақыру бойынша осы қаулының орындалу барысы туралы Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасын 2011 жылғы 20 шілдеге дейін және күзгі шақыру бойынша 2012 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 1984-1993 жылдары туылған

Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында әскери қызметке
кезекті шақыру туралы
Алматы облысы әкімдігінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
N 51 қаулысына
қосымша
Алматы облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы:
Дарманқұлов М.И.
- Алматы облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің
бастығы
Комиссия төрағасының
орынбасары:
Салагаев С. Ю.
- Алматы облысы жұмылдыру
дайындығы, азаматтық қорғаныс
және авариялар мен табиғи
апаттардың алдын алуды және
жоюды ұйымдастыру басқармасының
бастығы
Комиссия мүшелері:
Нүгербеков Қ.Б.
- Алматы облысы ішкі істер
департаменті бастығының
орынбасары
Перкин С.И.
- Алматы облысы қорғаныс
істері жөніндегі
департаментінің
облыстық бақылау дәрігерлік
комиссиясының төрағасы
Феттер Н.Н.
- облыстық шақыру
комиссиясының хатшысы

Қолданыстағы