Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан 1984-1993 годов рождения на срочную службу весной-осенью 2011 года

Қаулы · № 734 · қабылданған 28.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1984-1993-2011-ekb-58353/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан 1984-1993 годов рождения на срочную службу весной-осенью 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 734 ·28.03.2011
20.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан 1984-1993 годов рождения на срочную службу весной-осенью 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 734 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан 1984-1993 годов рождения на срочную службу весной-осенью 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың көктемі-күзінде 1984-1993 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
734
Қабылданған күні
28.03.2011
Көрсетілген редакция
20.03.2012 AI58353_4.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CA000152
ЭКБ идентификаторы
58353
Редакция идентификаторы
AI58353_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:46

0 2011 жылдың көктемі-күзінде 1984-1993 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізсін.

2 2. Қалалық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Қ.Сабыр, келісім бойынша) «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:

1 1) шақырылушыларға медициналық куәландыруды жүргiзу үшiн дәрігер-мамандар мен медбикелер және дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;

2 2) 2011 жылғы 1 сәуірге дейінгі және 1 қазанға дейінгі аралықта «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте тұрған шақыру жасындағы адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф.025у) тапсыру;

3 3) қажет жағдайда «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша шақырылушыларды қосымша медициналық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін бекітіліп берілген емдеу-профилактикалық ұйымдарға төсек-орынның қажетті санын бөлу;

4 4) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырылушылар туралы үш күннің ішінде «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне хабарлау.

4 4. Ақтөбе қалалық әділет басқармасы (В.Мәмбетова, келісім бойынша) әскери есепке алу құжаттарында әскерге шақырушылардың әскери есепке алынғаны немесе әскери есептен шығарылғаны туралы белгілері болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркеу немесе шығаруды іске асырсын.

5 5. Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы (К.Мырзабеков, келісім бойынша):

1 1) шақырудың барлық кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн екi адамнан тұратын полиция нарядын бөлсiн;

2 2) әскери міндетті орындаудан бас тартушы адамдарды іздестіруді және ұстауды жүргізсін;

3 3) жетi күндiк мерзiм ішiнде «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне анықтау ісі немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын;

6 6. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:

1 1) әскерге шақырылушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз ету;

2 2) техникалық қызметшілердің қажетті санын бөлу.

7 7. Селолық округтер әкiмдерi «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

8

8. Қала әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала және мәдени дамыту мониторингi бөлiмi (М.Кабыл) және «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді жинақтау және әскерге шақыру бөлімінің бастығымен (Ж.Әбдіқалық) бірлесіп шақырылушылар арасында тәрбие жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізсін.

9 9. Шақыруды жүргізу кезінде шақыру учаскесіне жұмыс істеуге жолданған шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталады.

10 10. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.Айдашева) шақыру бойынша іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды қаржыландыруға қаржы бөлсін.

11 11. «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (В.Глушко) қала әкiмiне 2011 жылдың 5 шілдесіне және 2012 жылдың 5 қаңтарына шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсін.

12

12. Ақтөбе қаласы әкімінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 1355 «2010 жылдың көктемі-күзінде 1983-1992 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы» қаулысының (2010 жылғы 31 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-1-137 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 маусымдағы № 70 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

13 13. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы міндетін атқарушы В.Глушкоға жүктелсiн.

14 Қалалық шақыру комиссиясының құрамы

14. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмi                                 А.Мұхамбетов
Қала әкімдігінің 2011 жылғы
28 наурыздағы № 734 қаулысына
ҚОСЫМША
Қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Сәрсенбинов           -  «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi
Айдын Жақыпбекұлы        жөнiндегi басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрағасы
Мұңлықова             -  Ақтөбе қаласы әкімі
Әсел Талғатқызы          аппаратының әлеуметтік сала
және мәдени дамыту мониторингі
бөлімінің бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әлиев                 -  Ақтөбе қалалық ішкі істер
Қанат Советұлы           басқармасы бастығының
орынбасары
Нұрғазиева            -  № 2 қалалық емхананың
Гүлжиян Рақымғалиқызы    медициналық бақылау
комиссиясының төрайымы,
медициналық комиссия төрайымы
Сухобрус              -  № 3 кеңес беру-диагностикалық
Наталья Михайловна       емхананың мейірбикесі,
комиссия хатшысы
Резерв:
Глушко                -  «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi
Владимир Николаевич      жөнiндегi басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары,
комиссия төрағасы
Қабыл                 -  Ақтөбе қаласы әкімі
Мадьяр Рақымжанұлы       аппаратының әлеуметтік сала
және мәдени дамыту мониторингі
бөлімінің бастығы
Резервтік комиссия мүшелері:
Мырзабеков            -  Ақтөбе қаласы ішкі істер
Кайрат Мақсатұлы         басқармасының бастығы
Иманбердиева          -  № 4 қалалық емхананың бас
Роза Арыстанбекқызы      дәрігерінің орынбасары,
медициналық комиссия төрайымы
Байтерекова           -  медициналық жедел жәрдем
Жанар Жағыпарқызы        емханасы қабылдау бөлмесінің
мейірбикесі, комиссия хатшысы

Қолданыстағы