Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан 1984 года рождения к призывным участкам в 2001 году

Өзге акт · № 973 · қабылданған 09.01.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1984-2001-ekb-8304/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении приписки граждан 1984 года рождения к призывным участкам в 2001 году Күшін жойған 09.01.2001 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении приписки граждан 1984 года рождения к призывным участкам в 2001 году

Күшін жойған Өзге акт № 973 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан 1984 года рождения к призывным участкам в 2001 году
Атауы (қаз.)
1984 жылы туған азаматтарды 2001 жылы шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
973
Қабылданған күні
09.01.2001
Көрсетілген редакция
09.01.2001 8304_255765.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01V0000445
ЭКБ идентификаторы
8304
Редакция идентификаторы
8304_255765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:03
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1984 жылы туған азаматтарды 2001 жылы шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 13 мамырдағы № 88 шешімімен.
"Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  12 және 35 баптарына, "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қазандағы № 1072  Қаулысына  сәйкес ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:

1. Аудандық және қалалық әскери комиссариаттар 2001 жылғы қаңтар-наурыз айларында тiркеу жылында 17 жасқа толған, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзсiн.

2. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi әскери комиссариаттардың қарамағына медициналық куәландыру, келген шақырушыларды, қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлердi орналастыру үшiн үйлер және шақырылушыларды құлақтандыру, жеткiзу, олардың тұрғылықты жерлерiн анықтау үшiн автокөлiк беру мәселесiн шешсiн.
1984 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеуге дер кезiнде және сапалы дайындалу үшiн аудандық және қалалық әскери комиссариаттарды қаржыландыру уақытылы жүргiзiлсiн.

3. Ұйымдар мен тиiстi қызметтердiң басшылары 1984 жылы туған азаматтардың үлкендердiң ерiп жүруiмен тiркеуге ұйымшылдықпен және дер кезiнде келулерiн, жастарды шақыруға даярлау, науқас шақырылушыларды емдеу үшiн бақылауды күшейтудi қамтамасыз етсiн.

4. Маман дәрiгердiң, орта буында медицина қызметкерлерiнiң, техникалық қызметкерлердiң, қамтушы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және iссапарлық шығындарды төлеу, тiркеудi жүргiзу кезiнде шақырылушыларды iздестiру және тiркеу учаскелерiне жеткiзу жөнiндегi көлiк шығындарын өтеу жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен жүргiзiлсiн. Тiркеудi жүргiзу барысында тәрбие және мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылсын.

5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Андағұлов Қ.Б.):

1) әскери комиссариаттардың медициналық комиссияларын бiлiктi маман дәрiгерлермен, орта медициналық қызметкерлермен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 1995 жылғы № 61 бұйрығының талаптарына сәйкес қажеттi жабдықтармен, құрал-саймандармен және медикаменттермен толықтырылсын. Облыстық медициналық бiрлестiктiң жанында облыстық әскери комиссариаттың тұрақты жұмыс iстейтiн медициналық комиссиясын сақтасын;

2) облыстың емдеу мекемелерiнде шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшiн қажеттi мөлшерде төсектер бөлiнсiн. әскери комиссариаттың жолдауы бойынша емдеу үшiн шақырушылардан ақша алынбасын. Стационарлық жағдайда шақырылушыларды емдеуге және зерттеуге жұмсалған шығындардың өтемақысы мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде ұсынылған реестрлер бойынша жүргiзiлсiн;

3) 2001 жылы тiркеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң қатарына шақыруға жататын азаматтарды медициналық куӘландыру және емдеу жүргiзiлетiн емдеу мекемелерi белгiленсiн;

4) облыстық әскери комиссариатпен бiрге азаматтарды әскери қызметке даярлауды медициналық қамтамасыз етудiң жоспарын, сондай-ақ медициналық көмек және жергiлiктi жерлерде зерттеу көлемiн белгiлеп, шақырылуға тиiстi және шақырылушы жастарды сауықтыру жоспарын жасасын.

6. Облыстық бiлiм департаментi (Ферхо С.И.), облыстық әскери комиссар (Мұқашев К.М.) әскери оқу орындарына кандидаттарды iрiктеу және бiлiм деңгейiн, дене әзiрлiгiн тексеру жөнiнде комиссия құрсын.

7. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) облыстық әскери комиссариат пен облыстық медициналық бiрлестiк арасындағы сессиямен келiсiм-шарт негiзiнде облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 26 желтоқсандағы  сессиясымен  бекiтiлiп, бөлiнген ақша қаражаттары шегiнде облыстық медициналық комиссияның жұмысын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

8. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Күнғожинов С.Т.) тiркеу жүргiзу кезiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарының шақырудан бас тартушы адамдардың тұрған жерiн анықтауға, шақыру учаскелерiнде құқық тәртiбiн қамтамасыз етуге көмек көрсету жөнiнде әскери комиссариаттарымен ынтымақтаса iс-қимылдар жасауын ұйымдастырсын.

9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Т.Ж. Абайдiлдинге жүктелсiн.