О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1984 года рождения к призывным участкам Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1984 года рождения к призывным участкам Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысының әскерге шақыру учаскелерінде 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 237
- Қабылданған күні
- 20.12.2000
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2000 7739_257955.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00N000533_
- ЭКБ идентификаторы
- 7739
- Редакция идентификаторы
- 7739_257955
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:06
0 Қостанай облысының әскерге шақыру учаскелерінде 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу жүргізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 14.12.2001 № 134 шешімімен.
"Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес ШЕШТIМ :
1. 2001 жылғы қаңтардың 5-нен наурыздың 27-не дейінгі кезеңде облыстың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарының әскерге шақыру учаскелерінде 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу жүргізілсін.
2. Қала және аудан әкімдері:
1) Қосымшаға сәйкес тіркеу жөнінде комиссиялар құрсын, кажетті санына қарай дәрігер-мамандар, медициналық бикелер, техникалық қызметкерлер, қызмет корсететін адамдар және көлік бөлсін;
2) азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссиялар жұмыс істеуі үшін әскери комиссариаттарды талапқа сай келетін жайлармен камтамасыз етсін;
3) әскерге шақыру учаскелерінде 1984 жылы туған азаматтарды тіркеу жөніндегі медициналық комиссиялардын жұмысын қамтамасыз етуді, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелерінде медициналық тексеру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қаралған ассигнованиелердің шегінде қалалар мен аудандардың бюджеттері есебінен жүргізсін;
4) әскерге шақыру учаскелерінде тіркелу өтуі үшін аудандық, қалалық әскери комиссариаттарға жасөспірімдердің ұйымдасқан түрде келуі үшін шаралар қабылдасын.
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М.Ғалымжанов) облыстық әскери комиссариатпен (И.Е.Лосьев) бірлесе отырып тіркеу жөніндегі комиссияларда жұмыс істеуі үшін облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын тартудың тәртібін анықтасын және облыстық емдеу мекемелерінде тіркеу жөніндегі аудандық және қалалық комиссиялар жіберген азаматтардың бірінші кезекте тексерілуін қамтамасыз етсін.
4. Меншік түріне қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшылары тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссиялардың жұмысына тартылған мамандарды, сондай-ақ тіркелуге жататын азаматтардың тұрақты жұмыс орындары бойынша орташа еңбек акылары сақталатынын еске алсын. Азаматтар әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюмен байланысты міндеттерді орындауы үшін қажетті кезеңде, жұмыстан (оқудан) босатылады.
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (М.М. Оразалиев) әскереге шақыру учаскелерінде тіркелуден жалтарған адамдарды іздестіру және әскерге шақыру учаскелеріне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұргановқа, облыс әкімінің әскери-жұмылдыру жұмыс жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.
7. Шешімнің орындалуы жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпарат 2001 жылдың 15 сәуіріне облыс әкімінің аппаратына берілсін.
12 Әскерге шақыру учаскелерінде 1984 жылы туған азаматтарды тіркеу жөніндегі қалалык (аудандык) комиссиялардың құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 237 шешіміне қосымша
Әскерге шақыру учаскелерінде 1984 жылы туған азаматтарды тіркеу жөніндегі қалалык (аудандык) комиссиялардың құрамы
Комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары
Комиссия төрағасының - қалалық (аудандық) орынбасары әскери комиссар
Комиссия мүшелері:
- медициналық куәландыруға қатысатын дәрігерлер
- әскери комиссариаттың өкілі
- комиссия хатшысы