О проведении приписки граждан 1984 года рождения к призывным участкам городских и районных военных комиссариатов Карагандинской области
Қолданыста
Өзге акт
№ 227
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 1984 года рождения к призывным участкам городских и районных военных комиссариатов Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- 1984 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысының қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 13.12.2000
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2000 7772_251770.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00K0000158
- ЭКБ идентификаторы
- 7772
- Редакция идентификаторы
- 7772_251770
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:07
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 1984 жылы туған азаматтарды Қарағанды
облысының қалалық және аудандық әскери
комиссариаттарының шақыру учаскелеріне
тіркеуді өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің ұтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 14 қарашадағы «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес 1984 жылы туған азамататрды облыстың қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін:

1. Облыстық әскери комиссариат (М.Е. Дарманқұлов), облыс қалалары мен аудандарының әкімдері 2001 жылғы қаңтар-наурызда 1984 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық әскери комиссиариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын.
Ол үшін:
1.1. Облыс әкімінің орынбасары (Х.Б. Қабжанов) 2001 жылғы қаңтар айында қалалық және аудандық әскери комиссарларды, тіркеу жөніндегі комиссиялар төрағаларын, ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру органдарының, туризм және спорт жөніндегі комитет басшыларын және басқа мүдделі адамдарды шақыра отырып азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізсін.
1.2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері:
1984 жылы туған азаматтарды қала (аудан) әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссиялар құрсын. Комиссия төрағасы етіп әкімнің азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарын тағайындасын;
әскеркоматтардың шақыру учаскелерін мекен-жаймен, коммуналдық-тұрмыстық қызметтермен (жарықпен, сумен, жылумен, тазалаумен және басқалармен), жиһазбен, кеңселік керек-жарақпен, байланыс құралдарымен және кезекші автокөлікпен қамтамасыз етсін;
медициналық және техникалық қызметшілер мен қызмет көрсететін құрамның қажетті мөлшерін бөлсін, сондай-ақ тіркеуге жататын және шалғай жерлерде тұратын азаматтарды тұрғылықты жерлерінен шақыру учаскелеріне әкелу мен кері қарай апаруды ұйымдастырсын;
қалалық, аудандық әскеркоматтарына көмек көрсету мақсатымен, қажетіне қарай, қалалар мен аудандар прокурорларымен келісім бойынша, тіркеу комиссиалары жанында құрамында: әскеркомат, жергілікті ішкі істер органы мен туризм және спорт жөніндегі комитет қызметкерлері бар, тіркеуден бұлтаратын адамдарды іздестіру жөніндегі оперативті топтар құрсын;
тіркеу аяқталысымен кеңесте оның қорытындыларын және 2001 жылы қатардағы әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелерін қарасын.

2. Облыстық денсаулық басқармасы (Қ.К. Ермекбаев) шақыру учаскелерінің медициналық комиссияларын маман-дәрігерлер мен медициналық бикелердің қажетті мөлшерімен жасақтап, шақыру учаскелерін – қажетті дәрі-дәрмекпен, аспаптармен және медециналық мүлікпен жарақтасын, облыстық әскери комиссариаттың келісім шарты мен тапсырысына сәйкес облыстық, қалалық (аудандық) емдеу мекемелеріне сырқат жасөспірімдерді стационарлық қараудан және емдеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Ішкі істер Бас басқармасы (Н.М. Дейхин) «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» ҚР Заңының 28-бабына сәйкес әскери міндеттерін орындаудан бұлтаратын адамдарды іздестіруді, әкеліп жеткізуді және, қажет боған жағдайда, ұстауды жүргізсін.
4. Облыстық қаржы басқармасы (С.Н. Нүгербеков) «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» ҚР Заңының 35-бабына және ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы №560-30с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы Ережеге сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды қаржыландыруды жүргізсін.