Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении приписки к призывным участкам граждан 1984 года рождения и подготовка молодежи к призыву на срочную службу

Қаулы · № 1056 · қабылданған 13.11.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1984-ekb-8060/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении приписки к призывным участкам граждан 1984 года рождения и подготовка молодежи к призыву на срочную службу Күшін жойған 13.11.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении приписки к призывным участкам граждан 1984 года рождения и подготовка молодежи к призыву на срочную службу

Күшін жойған Қаулы № 1056 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки к призывным участкам граждан 1984 года рождения и подготовка молодежи к призыву на срочную службу
Атауы (қаз.)
1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерiнiң тiзiмiне алу және жастарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға даярлау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1056
Қабылданған күні
13.11.2000
Көрсетілген редакция
13.11.2000 8060_222488.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00R000274_
ЭКБ идентификаторы
8060
Редакция идентификаторы
8060_222488
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:11
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерiнiң тiзiмiне алу және жастарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға даярлау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiнiң тiзiмiне алуды өткiзу туралы" N 1072 Қаулысына сәйкес және 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерiнiң тiзiмiне алуды уақтылы және сапалы өткiзу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi әскери қызметке шақыруға даярлау жұмысын жақсарту мақсатында Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :

1. 2001 жылдың қаңтар-наурызында бұрын тiзiмге алынбаған, жасы үлкен азаматтарды шақыру учаскелерiнiң тiзiмiне алу өткiзiлсiн.

2. Аудандардың әкiмдерi:

2.1. Жергiлiктi орындарда тiзiмге алу жөнiндегi тиiстi комиссияларды келесi құрамда құрсын:

- комиссия төрағасы - Әкiмнiң орынбасары;
- комиссия төрағасының орынбасары ауданның әскери комиссары;
- комиссия мүшелерi - дәрiгерлер: хирург, терапевт, психиатр, невропатолог, көз дәрiгерi, отоларинголог, фтизиатр, тiс дәрiгерi, дерматолог;
- комиссия хатшысы техникалық қызметкерлердiң санатынан болады.

2.2. Әскери комиссариаттарды арнаулы жабдықпен, техникалық қызметкерлердiң қажеттi мөлшерiмен, қызмет көрсететiн қызметкерлермен және көлiкпен қамтамасыз етсiн.

2.3. 1984 жылы туылған азаматтардың сондай-ақ шақыру учаскелерiнде тiзiмге алынбаған, жасы үлкен жігіттерді уақытылы, толық және ұйымшылдықпен тiзiмге алуды қамтамасыз етсiн.

2.4. Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына сәйкес тiзiмге алу кезеңiндегi техникалық қызметкерлердiң, қызмет көрсетушi адамдардың еңбегiне ақы төлеудi және көлiк шығындарын өтеудi жергiлiктi бюджеттiң есебiнен жүзеге асырсын.

3. Алматы қалалық IIББ (Қ.Н. Қасымов):

- 2000 жылғы 5 қаңтарға дейiн кәмелеттiк жасқа толмағандардың iсi жөнiндегi инспекторларға есепте тұратын жасөспiрiмдердiң, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылмағандардың тiзiмдерiн аудандық әскери комиссариаттарға ұсынсын;
- шақыру учаскелерiнде тiзiмге алынудан жалтарған жасөспiрiмдердi iздестiруде аудандық әскери комиссариаттарға жәрдем көрсетсiн, оларды жедел iздестiру үшiн әрбiр ауданда аудандық iшкi iстер басқармалары және әскери комиссариаттары өкiлдерiнiң есебiнен бақылау тобын құрсын.

4. Қалалық денсаулық сақтау департаментi (В.Н. Девятко):

- тiзiмге алынатындарды медициналық куәландыру жөнiнен аудандық әскери комиссариаттарға жан-жақты көмек көрсету шараларын әзiрлесiн, бұл үшiн тәжiрибелi дәрiгерлердi және қажеттi мөлшерде орта медициналық қызметкерлердi жұмысқа тартсын;
- 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн 1984 жылы туылған жас жiгiттерге арналған амбулаториялық сырқаттардың медициналық карталарын (N 025/У үлгiдегi), олардың қосымша беттерiн (N 025/У үлгiдегi), 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн өкпе аурулары, наркологиялық, терi венерологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, жасөспiрiмдердiң iсi жөнiндегi кабинеттерде, жұқпалы аурулар ауруханаларында есепте тұратын адамдардың тiзiмдерiн аудандық әскери комиссариаттарға тапсырсын;
- тiзiмге алу басталғанға дейiн 1984 жылы туылған барлық жас жiгiттердiң кеуде клеткаларының органдарын флюорографиялық (рентгенологиялық, рентгенографиялық) зерттеуден өткiзiп, СОЭ-нi, қанының құрамындағы гемоглобиндi, лейкоциттердi, анықтай отырып, қанына талдау, жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгiсi (ЖҚТБ) бойынша жасап, кiшi дәреттерiнiң құрамындағы белокқа, (ЭКГ-ға зерттеу жүргiзiп, сондай-ақ қанының қай топқа жататынын анықтап, тиiстi резусы бойынша анықтауды жүзеге асырсын;
- анықталған сырқат жасөспiрiмдер арасындағы емдеу-сауықтыру жұмысын медициналық куәландырудан өтiсiмен дереу бастасын және сырқат жасөспiрiмдердiң тұрғылықты жерiндегi емханалардағы дәрігер-мамандарға (лор, көз дәрiгерi, невропатолог, хирург) тапсырсын.

5. Алматы қалалық бiлiм басқармасы (Г.Е. Есiмбаева):

- тiзiмге алу кезеңiнде орта бiлiмi жоқ адамдарды анықтау үшiн аудандық әскери комиссариаттардың қарамағына мұғалiм-педагогтарды бөлсiн, орта бiлiмi жоқ жiгiттердi оқытуды ұйымдастырсын;
- жас мөлшерi жоғарыдағыдай жiгiттердiң арасынан әскери-оқу орындарына түсуге кандидаттарды iрiктеу жұмысын жүргiзсiн.
- азаматтарды шақыру учаскелерiнiң тiзiмiне алу кезеңiнде шақыру жасына дейiнгi және шақыру жасындағы жастар арасында әскери-отансүйгiштiк мәселелерi бойынша тәрбие, түсiндiру жұмыстарын ұйымдастырсын және өткiзсiн.

6. Қалалық дене шынықтыру және спорт комитетi (I.О. Оразбақ):

- кәсiпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында жастарды спорттың әскери-қолданбалы түрлерi бойынша даярлауды ұйымдастырсын;
- тiзiмге алу кезеңiнде шақыру жасына жетпеген және шақыру жасындағы жастар арасында Президент тестi нормативтерiн тапсыру жұмысын ұйымдастырсын және оларға дене тәрбиесiн берсiн.

7. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi (Н.I. Сүлейменов) 2001 жылғы 5 қаңтарға дейiнгi мерзiмде аудандық әскери комиссариаттарға 1984 жылы туылған, мүгедек деп танылған азаматтардың тiзiмдерiн тапсырсын.

8. Алматы қалалық Әдiлет басқармасы (С.Ж. Абдоллаев) 2001 жылғы 5 қаңтарға дейiнгi мерзiмде аудандық әскери комиссариаттарға 1984 жылы туылған, тегiн, есiмiн, әкесiнiң есiмiн өзгерткен азаматтардың, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың тiзiмдерiн ұсынсын.

9. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша әскери комиссар (Т.Р. Мәукебаев):

- шақыру учаскелерiнiң тiзiмiне алу барысында анықталған ауру жас жiгiттердiң уақтылы сауықтырылуы үшiн олардың тiзiмдерiн (N№1 және N№2 үлгiдегi) денсаулық сақтау органдарына ай сайын тапсырып отырсын;
- 2001 жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде азаматтарды шақыру учаскелерiнiң тiзiмiн алудың қорытындысы бойынша және осы шешiмнiң орындалу барысы жөнiндегi ақпаратты ұсынсын.

10. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1136 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

11. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасарлары А.Қ. Бижановқа және Ә.Ж. Ыбыраевқа жүктелсiн.