Об очередном призыве граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу весной-осенью 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об очередном призыве граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу весной-осенью 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 750
- Қабылданған күні
- 19.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2013 64253_178092.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CA000171
- ЭКБ идентификаторы
- 64253
- Редакция идентификаторы
- 64253_178092
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:48
0 2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастырсын.
2 2. Қалалық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылсын.
4 4. Ұсынылсын:
1 1) «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2 2) Ақтөбе қалалық iшкi iстер басқармасы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
5 5. Селолық округтер әкiмдерi, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
6 6. «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А. Сәрсенбинов) қала әкiмiне 2012 жылдың 5 шілдесіне және 2013 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А. А. Арынғазиеваға және «Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ж. Сәрсенбиновке жүктелсін.
8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Комиссия мүшелері:
Қала әкімдігінің
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 750 қаулысына
қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Арынғазиева Айгүл Аманғазықызы - Ақтөбе қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия төрайымы
Сәрсенбинов Айдын Жақыпбекович - «Ақтөбе қаласы қорғаныс
істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрайымының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әлиев Қанат Советұлы - Ақтөбе қалалық ішкі істер
басқармасы бастығының
орынбасары
Шағыров Байназар Мұқалұлы - Ақтөбе облысының денсаулық
сақтау басқармасының емдеу
алдын-алу жұмысы бөлімінің
Ақтөбе қаласы бойынша бас
маманы
Сухобрус Наталья Михайловна - № 3 кеңес беру-диагностикалық
емханасының мейірбикесі,
комиссия хатшысы
Резерв:
Қабыл Мадияр Рақымжанұлы - Ақтөбе қаласы әкімі
аппаратының әлеуметтік сала
және мәдени дамыту мониторингі
бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасы
Глушко Владимир Николаевич - «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
бастығының орынбасары -
жұмылдыру дайындығы және
аймақтық қорғаныс бөлімінің
бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары
Резервтік комиссия мүшелері:
Такешов Амантұрлы Баянбекұлы - Ақтөбе қалалық ішкі істер
басқармасының қоғамдық
қауіпсіздік бөлімінің бастығы
Нұрғазиева Гүлжиян Рақымғалиқызы - № 2 қалалық кеңес
беру-диагностикалық
емханасының терапевт-дәрігері,
медициналық комиссияның
төрайымы
Байтерекова Жанар Жағыпарқызы - Медициналық жедел жәрдем
ауруханасының қабылдау
бөлмесінің мейірбикесі,
комиссия хатшысы