Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу весной-осенью 2012 года

Қаулы · № 51 · қабылданған 02.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1985-1994-2012-ekb-64522/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу весной-осенью 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 51 ·02.04.2012
28.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу весной-осенью 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 51 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу весной-осенью 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
02.04.2012
Көрсетілген редакция
28.01.2013 64522_178055.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CG000140
ЭКБ идентификаторы
64522
Редакция идентификаторы
64522_178055
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:39

0 2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1

1. «Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтарды 2012 жылғы сәуір – маусымда және қазан – желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізсін.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Шақыруды өткізу жөніндегі іс – шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

4 4. Ұсынылсын:

1 1) «Қобда аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс – шаралар жүргізсін;

2 2) Қобда аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.

5 5. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

6 6. «Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Сансызбаев) аудан әкіміне 2012 жылдың 5 шілдесіне және 2013 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусіноваға және «Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Сансызбаевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Комиссия мүшелері:

Аудан әкімдігінің
2012 ж. 2 сәуірдегі
№ 51 қаулысына
Қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:
Елеусінова Бұлбұл Ораковна Қобда ауданы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы;
Сансызбаев Мирбек Мухтарович Қобда ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі
бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Абдығали Орыналы Аметұлы Қобда ауданының ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары;
Жакиев Жолдыбек Асылбекұлы Қобда ауданының орталық
ауруханасының орынбасары,
медициналық комиссиясының
төрағасы;
Шантасова Жанат Серікқалиқызы Қобда ауданының орталық ауруханасының
медбикесі комиссия хатшысы.

Қолданыстағы