О проведении очередного призыва граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу весной-осенью 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении очередного призыва граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу весной-осенью 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 30.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2013 AI64556_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CD000146
- ЭКБ идентификаторы
- 64556
- Редакция идентификаторы
- AI64556_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:40
0 2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Құлниязов) шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ, шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізсін.
2 2. Әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
3 3. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
4 4. Ұсынылсын:
1 1) «Байғанин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2 2) Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі (А.Омаров, келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
5 5. Ауылдық, селолық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың басшылары әскерге шақырылушыларды «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
6 6. «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Құлниязов) шақыру қорытындысы туралы 2012 жылдың 5 шілдесінде және 2013 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аманғосқа жүктелсін.
8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Комиссия мүшелері:
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
30 наурыздағы № 58 қаулысына
ҚОСЫМША
Әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Спанова Шара Қуанышқызы Байғанин ауданы әкімінің
орынбасары, комиссия
төрағасы
Құлниязов Алмас Якияұлы «Байғанин ауданының
қорғаныс істері бөлімі»
ММ бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Асқаров Серік Амангалиевич «Байғанин аудандық ішкі
істер бөлімі» бастығының
орынбасары (келісіммен)
Сарбаева Нұргүл Сүндетқызы «Байғанин аудандық
орталық аурухана» МКҚК
бас дәрігерінің
орынбасары (келісіммен)
Құлданова Жазира Ешмұқанқызы Байғанин аудандық
емханасының медбикесі,
комиссия хатшысы
(келісіммен)