О проведении очередного призыва граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении очередного призыва граждан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 03.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2013 64851_177384.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CL000148
- ЭКБ идентификаторы
- 64851
- Редакция идентификаторы
- 64851_177384
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:38
0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А. Құмаров) 2012 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға әскерге шақырған уақытта жасы 18 ден 27 жас аралығындағы азаматтарды, мерзімді әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ Қазақстан Республикасының ер азаматтарын, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізсін.