Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 71 · қабылданған 28.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1985-1994-2012-ekb-64946/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·28.03.2012
24.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан 1985-1994 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
1985-1994 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
28.03.2012
Көрсетілген редакция
24.09.2012 AI64946_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12D0002088
ЭКБ идентификаторы
64946
Редакция идентификаторы
AI64946_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:42

0 1985-1994 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27, 28, 29, 31-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 Қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында он сегіз және жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметін белгіленген мерзімінде өткермеген азаматтардың әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.

2 2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау үшін Алматы облысында шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3 3. Талдықорған қаласының әкімі (Е.Алпысов) облыстық жинау пунктіне мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде 5 (бес) техникалық қызметкерді бөлсін.

4

4. "Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі (М.Дарманқұлов келісім бойынша) "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы" осы қаулының орындалу барысы туралы көктемгі шақыру бойынша 2012 жылдың 20 шілдесіне дейін және күзгі шақыру бойынша 2013 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.

5

5. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы "1984-1993 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 51 қаулысының (2011 жылғы 08 сәуірдегі Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2069 нөмірімен енгізілген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі N 48 "Жетісу" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Ғаббасұлы Баталовқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Облыс әкімінің
бірінші орынбасары                         Амандық Ғаббасұлы Баталов
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімінің
орынбасары                                 Тынышбай Досымбекұлы Досымбеков
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімінің
орынбасары                                 Серік Мейірханұлы Мұқанов
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімінің
орынбасары                                 Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімінің
орынбасары                                 Серік Мелісұлы Тұрдалиев
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімі
аппаратының басшысы                        Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев
28 наурыз 2012 жыл
Облыстың қаржы
басқармасының бастығы                      Сырым Қасымұлы Қасымов
28 наурыз 2012 жыл
Облыстың экономика және
бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы                      Нәфиса Төлекқызы Сатыбалдина
28 наурыз 2012 жыл
Облыстың ішкі істер
департаментінің бастығы                    Жайлаубек Халықұлы
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімі аппаратының
заң, мемлекеттік құқық
бөлімінің меңгерушісі                      Рустам Төлендіұлы Қалиев
28 наурыз 2012 жыл
Облыс әкімі аппаратының
жалпы бөлімінің меңгерушісі                Гүлнар Әсемғалиқызы Әукенова
28 наурыз 2012 жыл

8 Алматы облысы әкімдігінің

2012 жылғы 28 наурыздағы
"1985-1994 жылдары туылған
Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" N 71 қаулысына
қосымша
Алматы облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы:
А.Ғ. Баталов
Облыс әкімінің бірінші
орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары:
М.Е. Дарманқұлов
Облыстың қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің
бастығы
Комиссия мүшелері:
Асқар Шахатұлы Шайхин
Облыстың ішкі істер
департаменті
бастығының орынбасары
Майра Әбдіхалыққызы Егембердиева
Облыстың денсаулық сақтау
басқармасының орынбасары
Гүлшат Жақанқызы Жетімова
"Облыстық аурухана" шаруашылық
жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынның медбикесі,
облыстық медициналық
комиссиясының хатшысы

Қолданыстағы