Қолданыстағы ред. 27.12.2002 (Редакция 14177_329958.kaz)

1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы от 27.12.2002 г. № 12-334 (1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы)

0

1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 14 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлығына сәйкес және 1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне сапалы тізімге алуды жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінде әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:

1

1. 2003 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1986 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайган азаматтарды шақыру учаскелерінде тізімге алсын.

2

2. Аудандар мен қалалардың әкімдері тізімге алу жөніндегі комиссияны төмендегі құрамда құрсын;
-Комиссия төрағасы-әкімнің орынбасары;
-Төраға орынбасары-ауданның әскери комиссары;
-Комиссия мүшелері-дәргерлер:хирург, терапевт, психиатр; отоларинголог, стоматолог, дерматолог;
-Әскери комиссариаттың өкілі-
-Комиссия хатшысы-орта медициналык қызметкерлер есебінен

2.1

2.1. Осы мақсатта әскери комиссариаттарды арнайы құрал-жабдықтармен, персоналдармен және көлікпен қамтамасыз етсін.

2.2

2.2. 1986 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайган азаматтарды тізімге алуды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен қамтамасыз етсін.

3

3. Ішкі істep бас басқармасына (А.Ж. Шпекбаев):

1

1)2003 жылғы 10 қаңтарға дейін аудандық әскери комиссариаттарға жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;

2

2)аудандық әскери комиссариаттарға шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарған жастарды іздестдруге, оларды оперативті іздестіру мақсатында әр ауданда аудандық ішкі істер бөлімдері мен әскери комиссариаттар өкілдерін бақылау және іздестіру топтарын құрысын;

4

4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына (А.д. Дуйсекеев):

1

1)аудандық әскери комиссариаттармен 6ipгe тізімге алынғандарды медициналық куәландыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асырсын, осы мақсатқа тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті мөлшерде орта медициналық қызметкерлерді тартсын;

2

2)2003 жылғы 1 қаңтарға дейінн аудандық әскери комиссариаттарға 1986 жылы туылған жастарға амбулаториялық аурулардың медициналық карталарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерден жасөспірім кабинеттерінде және жұқпалы аурулар ауруханаларында есепте тұрғандардың тізімін берсін;

3

3)1986 жылы туылған барлық жастарды: кеуде клеткалары органдарын флюорографикалық тексеруден, СОЭ-ны, гемоглобинді, лейкоциттерді анықтау арқылы қандарын тексеру, иммунитет тапшылытынан жүре пайда болған синдромға (СПИД) тексеру, зәрдеп белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың он және тepicтігін анықктау тегін жүзеге асырылсын;

4

4)тексеру нәтижелері бойынша ауру жастардын тізімін емхана дәрігерлеріне осы жастарды тұрғылықты жерлерінде емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін мамандарға 6epcін.

5

5. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Н.Д. Бөлекбаева) әскери комиссариаттарға мүгедек деп танылған 1986 жылы туылған жастар туралы мәліметтерді берсін.
6 .Облыстық білім департаменті (Т.Е. Естенов):

1

1)тізімге алу кезінде аудандық әскери комиссариаттардың құзырына орта білімі жок жастарды анықтау үшін мұғалім-педагогтарды бөлсін;

2

2)1986 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына тусетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.

7

7. Алматы облысы және Алматы қаласыньң әскери комиссары (Т.Р. Мәукебаев) Қазақстан Реслубликасының «жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес 1986 жылы туылған жастарды тізімге алуды қамтамасыз eтсін.

8

8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.

9

9. Облыс Әкімінің 2001 жылғы 1-желтоқсандағы № 12-186 шешімінің күші жойылған деп саналсын.