Қолданыстағы ред. 07.01.2005 (Редакция 23021_360435.kaz)

1988 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы от 07.01.2005 г. № 1/27 (1988 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы)

0

1988 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 12 бабының негізінде, Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне 1988 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің сапалы және дер кезінде тіркелуін өткізу мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатының негізінде 2005 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін 1988 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдын Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуі өткізілсін.

2

2. Азаматтарды әскерге шақыру участкесіне тіркеуді өткізу үшін мына құрамда комиссия құрылсын:
Виктор Петрович Лавриков – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов – Бұқар жырау аудандық әскери комиссары, комиссия төрағасының орынбасары
Айгүл Қайырқызы Әбілдина – медбике, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер-хирург
Сағдат Қабиұлы Какенов – дәрігер-терапевт
Зура Қайырбекқызы Жұмақаев – дәрігер-невропатолог
Сара Сартайқызы Сембаева – дәрігер-офтальмолог
Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев – дәрігер-смотатолог
Татьяна Сергеевна Тихонова – дәрігер-отоларинголог
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева – дәрігер дерматолог
Тиштық Шікенқызы Шікенова – дәрігер-психиатр
Александар Витальевич Пчелинцев – Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатының 2 бөлімшесінің бастығы, аға прапорщик

3

3. Ауырған немесе басқадай дәлелді себепті жағдайда тіркеу комиссиясының резерві төмендегідей құрамда бекітілсін:
Мұрат Ойдашұлы Исабаев – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Торғын Жолдыбайқызы Баймағамбетов – аудандық орталық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Қазкен Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер-хирург
Римма Төлеутайқызы Нұрғалиева – дәрігер-терапевт
Гүлжазира Базарбайқызы Бәкішева – дәрігер-стоматолог

4

4. Заңның 35 бабының 3 тармағына сәйкес әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушыларды тіркеу бойынша комиссия мүшелеріне, комиссия жұмысына қатысатын медицина қызметкерлеріне осы міндеттерді орындау уақытында жұмыс орны, қызметі және орта еңбекақысы сақталады.

5

5. Комиссия төрағасы (Виктор Петрович Лавриков) комиссияның отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және әскерге шақыру участкесінде жас жігіттерді тіркеудің сапалы өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі Заңның орындалуын қамтамасыз етсін.

6

6. Аудандық әскери комиссар (Өмірбек Ыбрайұлы Әбілов) тіркеуге жататын 1988 жылы туған жас жігіттерді 2005 жылдың 25 қаңтарынан шақыру участкесіне шақырылуын жүргізсін.

7

7. Селолық округтер және кент әкімдері құлақтандыру ұйымдастырылсын және 1988 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің белгіленген мерзімде қажетті құжаттармен Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатқа дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

8

8. Қазынашылық мемлекеттік коммуналдық «Аудандық медициналық бірлестік» кәсіпорының (әрі қарай – КМҚК Аудандық медициналық бірлістік) директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев):

1

1) Ботақара және Ғабиден Мұстафин кенттерінің ауруханаларында 1988 жылы туған жас жігіттердің кеуде талшығы флюорографиясынан өткізілуін, электрокардиограмма анализдар тапсыруын ұйымдастырылсын;

2

2) 1988 жылы тұған жас жігіттерді тексеру үшін табан флюорографиясына ренгенопленкалардың және электрокардиограмма өткізу үшін қағаздың резерві жасалсын;

3

3) Орталықтандырылған аудандық аурухананың стационары мен Ғабиден Мұстафин кентінің емханасында тіркеуден өтіп жүргенде анықталған ауруларды емдеуге және ауруын анықтау үшін аудандық әскери комиссариат жіберген жас жігіттерді қосымша тексеру және емдеу үшін төсек орнының резерві болсын.

9

9. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы (Мейрам Мақсұтұлы Рақымжанов):

1

1) Аудандық әскери комиссариатына 1988 жылы туған жас жігіттерге қатысты тергеу немесе алдын-ала тексеріс жөнінде мәлімет ұсынсын, сонымен қатар тіркеуден бас тартып жүрген жігіттерге іздеу салсын;

2

2) әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тіркеу комиссиясы мерзімінде кесте бойынша аудан орталығының участкелік инспекторлар санынан кезекшілік құрылсын.

10

10. Аудандық қаржы бөлімі (Надежда Антоновна Есипова) Заңның 35 бабына сәйкес әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өту шараларына байланысты сәйкес қаржы бөлсін.

11

11. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар және оқу орындарының басшылары жас жігіттерді оқудан, еңбекақысы сақталуымен жұмыстан босатсын, тіркеуден өту мерзімі мен уақыты жөнінде құлақтандырсын.

12

12. Аудандық әскери комиссар осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2005 жылдың 15 сәуіріне дейін ұсынсын.

13

13. Бұқар жырау ауданы әкімиятының 2003 жылғы 17 қарашадағы № 40/1 «1987 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесінде тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 1322, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2003 жылдың 2 желтоқсанында және 6 желтоқсанында жарияланған).

14

14. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковқа және Бұқар жырау аудандық әскери комиссары Өмірбек Ыбрайұлы Әбіловке жүктелсін.
Келісілген:
Аудандық әскери комиссар
Ә. ӘБІЛОВ
5.01.05
Аудандық ішкі істер
басқармасының бастығы
М. РАҚЫМЖАНОВ
5.01.05
Аудандық қаржы
бөлімінің меңгерушісі
Н. ЕСПИПОВА
5.01.05
КМҚК «Аудандық медициналық
бірлестіктің» директоры
Б. МҰЗДЫБАЙ
5.01.05