Қолданыстағы ред. 31.08.2005 (Редакция 25490_372818.kaz)

1989-1990 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы от 31.08.2005 г. № 12/02 (1989-1990 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы)

0

1989-1990 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес және әскерге шақырылатын азаматтарды толықты медициналық тексерістен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2005 жылдың қыркүйек айының 5-нен қазан айының 2-не дейін өтетін диспансерлеуден өткізу кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин – келісім бойынша) қыркүйек айының 6-на дейін:

1

1) әскерге шақырылатындармен жүргізілетін саяси тәрбие жұмысының жоспарын жасасын;

2

2) дәрігер мамандармен орта медицина қызметкерлерімен іс-тәжірибе алмасу оқуларын өткізсін.

3

3. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев – келісім бойынша) диспансерлеуден өткізген уақытында:

1

1) диспансерлеуге жататын жасөспірімдердің барлығын лабораториялық, флюрографиялық зерттеуден өткізсін;

2

2) дәрігер мамандармен, медбибілермен және құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етсін;

3

3) жасөспірімдерді емдеу үшін қажет жағдай жасасын;

4

4) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің диспансерлеу өткізуге арнайы бөлмесін жабдықтармен қамтамасыз етсін;

5

5) амбулаториялық бланкілерін дайындасын.

4

4. Аудандық білім және спорт бөлімі (Сайран Нәскенұлы Сағымбеков) 2005 жылы қыркүйек айының 5-не дейін 1989-1990 жылдары туған жасөспірімдердің тізімін дайындап аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне тапсырсын.

5

5. Ауыл және кент әкімдері 1989-1990 жылдары туған жасөспірімдерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне осы қаулымен бекітілген тізімге сәйкес ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.

6

6. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) аталмыш шараларды өткізу үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлсін.

7

7. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі «1988-1989 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы» (Әділет департаментінде 2004 жылдың 1 қазанында тіркелінген, тіркеу № 1618) № 12/04 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әдиша Көнекбайқызы Есмағамбетоваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
Қ.Ш.Жолбодин
«31» 08 2005 ж
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
Б.О.Еспаев
«31» 08 2005 ж

16. 1989-1990 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу кестесі.

Қосымша
Аудан әкімдігінің
2005 жылғы 31 тамыздағы
№ 12/02 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
1989-1990 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу кестесі.

Ауыл, кент, әкімдері
өту уақыты
1
Амантау
20.05.2005
2
Балықтыкөл
23.09.2005
3
Жараспай
23.09.2005
4
Ақмешіт
27.09.2005
5
Заречное
27.09.2005
6
Изенді
27.09.2005
7
Тассуат
02.10.2005
8
Қарой
23.09.2005
9
Кертінді
31.09.2005
10
Ивановка
31.09.2005
11
Баутуған
31.09.2005
12
Пржевальское
31.09.2005
13
Ахметауыл
02.10.2005
14
Щербаковское
20.09.2005
15
Майоровка
23.09.2005
16
Кобетей
27.09.2005
17
Шахтер
02.10.2005
18
Құланөтпес
02.10.2005
19
Киевка
02.10.2005
20
Баршын
20.09.2005
21
Қарақасқа
25.09.2005
22
Соналы
25.09.2005
23
Ткенекті
25.09.2005
24
Құланотпес
25.09.2005
25
Жанбөдек
25.09.2005
26
Талдысай
25.09.2005
27
Шұбаркөл
23.09.2005