Қолданыстағы ред. 12.01.2006 (Редакция 26571_363750.kaz)

1989 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесінде 2006 жылы тіркеуді өткізу туралы от 12.01.2006 г. № 02/04 (1989 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесінде 2006 жылы тіркеуді өткізу туралы)

0

1989 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесінде 2006 жылы тіркеуді өткізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес және 1989 жылы туған азаматтарды Нұра аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесіне тіркеу жүргізуді сапалы ұйымдасқан түрде өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1989 жылы туған азаматтарының тіркеу 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізілсін.

2

2. Қосымшаға сәйкес аудандық тіркеу комиссиясы бекітілсін.

3

3. Аудандық медициналық бірлестігі (Еспаев Бөкеш Орақұлы – келісім бойынша):

1

1) 1989 жылы туған азаматтардың медициналық комиссиядан өту кестесін құрсын;

2

2) тіркеу мәліметтерін есепке алу, емдеуге жіберілетін азаматтардың тізімін есепке алу кітабын дайындалсын;

3

3) шақыру участкесіндегі медициналық комиссияны қажетті мамандармен және медбикелермен, медициналық дәрі-дәрмек, құрал-жабдық және мүлікпен қамтамасыз етсін;

4

4) тіркеуге жататын азаматтарды лабораториялық, флюрографиялы зерттеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

5

5) стационарда зерттеуден өту және емдеу үшін қажет орын бөлуді қарастырсын.

4

4. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (Жолболдин Қайролла Шәріпұлы – келісім бойынша):

1

1) маман дәрігерлермен, медбикелермен машық сабақтарын өткізсін;

2

2) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде тіркеуді өткізетін орын дайындалсын;

3

3) 1989 жылы туған азаматтарды шақыру участкесіне тіркеуді қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2005 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылсын.

5

5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Канафин Асхат Нұрмұхамедұлы – келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруге және ұстауға өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.

6

6. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) аталмыш шараларды өткізу үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлсін.

7

7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнар Тоқуқызы) мүгедек деп танылған барлық тіркеуге жататын азаматтар туралы мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімін хабарласын.

8

8. Ауыл және кент әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға шақырылғаны туралы хабардар етсін және олардың шақыру участкесіне келуін қамтамасы етсін.

9

9. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 30 желтоқсандағы «1988 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесінде 2005 жылы тіркеуді өткізу туралы» (Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2005 жылдың 11 ақпанында тіркелінген, тіркеу № 1787 № 18/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әдиша Көнекбайқызы Есмағамбетоваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
Қ.Ш.Жолболдин
«12» 01 2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
А.Н.Канафин
«12» 01 2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
Б.О.Еспаев
«12» 01 2006 жыл

19. Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:

Қосымша
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
12 қаңтардағы № 02/04 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:

1

1. Жолбодин Қайролла Шәріпұлы – комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

2

2. Есмағамбетова Әдиша Көнекбайқызы – комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары

3

3. Есжанов Жанболат Зейнілұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

4

4. Гизатуллина Лилия Фанауиқызы – аудандық медициналық бірлестігінің терапевт-дәрігері (келісім бойынша)

5

5. Дәуітов Олжас Маратұлы – комиссия хатшысы, аудан әкімі аппаратының жетекші маманы