Қолданыстағы ред. 09.12.2005 (Редакция 26147_351155.kaz)

1989 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы от 09.12.2005 г. № 29/5 (1989 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы)

0

1989 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы
Қазақстан Республиксының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 17 бабының негізінде, Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің сапалы және дер кезінде тіркелуін өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің негізінде 2006 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін 1989 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуі өткізілсін.

2

2. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін мынадай құрамда комиссия бекітілсін:
Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов Бұқар жырау ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы,
комиссиясының төрағасы
Виктор Петрович Лавриков аудан әкімінің орынбасары, әскерге
шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары
Қайрат Шәкірұлы Шәкіров аудандық ішкі істер басқармасы
бастығының орынбасары, полиция
подполковнигі
Сейфутдин Сәкенұлы Қабжанов ауданның бас дәрігерінің орынбасары, медициналық персоналдың жұмысын басқарушы дәрігер
Айгүл Қайырқызы Әбілдина аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Рахымжан Асанұлы Асанов - дәрігер-хирург
Сағдат Қабиұлы Какенов - дәрігер-терапевт
Зура Қайырбекқызы Жұмақаева - дәрігер-невропатолог
Сара Сартайқызы Сембаева - дәрігер-офтальмолог
Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев - дәрігер-стоматолог
Қаламқас Әбілқасымқызы Асанова - дәрігер-отоларинголог
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева - дәрігер-дерматолог
Тиштық Шікенқызы Шікенова - дәрігер-психиатр
Жанас Жұмтайұлы Құнанбаев - аудандық қорғаныс істері бөлімінің екінші бөлімшесі бастығының міндетін уақытша атқарушы.

3

3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушыларды тіркеу бойынша комиссия мүшелеріне, комиссия жұмысына қатысатын медицина қызметкерлеріне осы міндеттерді орындау уақытында жұмыс орны, қызметі және орта еңбекақысы сақталады.

4

4. Комиссия төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және әскерге шақыру учаскесінде жас жігіттерді тіркеудің сапалы өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі Заңның орындалуын қамтамасыз етсін.

5

5. Селолық округтер және кент әкімдері:

1

1) құлақтандыру ұйымдастырсын және 1989 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің белгіленген мерзімде қажетті құжаттармен Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

2

2) тіркелуін өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша мамандары тартылсын.

6

6. Қазынашылық мемлекеттік коммуналдық «Аудандық медициналық бірлестік» кәсіпорынының директоры (Болат Мұздыбаұлы Мұздыбаев (келісім бойынша):

1

1) Ботақара және Ғабиден Мұстафин кенттерінің ауруханаларында 1989 жылы туған жас жігіттердің кеуде талшығы флюорографиясынан өткізілуін, электрокардиограмма, анализдер тапсыруын ұйымдастырсын.

2

2) 1989 жылы туған жас жігіттерді тексеру үшін табан флюорографиясына рентгенопленкалардың және электрокардиограмма өткізу үшін қағаздың резерві жасалсын.

3

3) Орталықтандырылған аудандық аурухананың стационары мен Ғабиден Мұстафин кентінің емханасында тіркеуден өтіп жүргенде анықталған ауруларды емдеуге және ауруын анықтау үшін аудандық әскери комиссариат жіберген жас жігіттерді қосымша тексеруге және емдеу үшін төсек орнының резерві болсын.

7

7. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы (Мейрам Мақсатұлы Рақымжанов (келісім бойынша):

1

1) 2005 жылдың 20 желтоқсанына дейінгі мерзімде аудандық Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1989 жылы туған жас жігіттерге қатысты тергеу немесе алдын-ала тексеріс жөнінде мәлімет ұсынсын, сонымен қатар тіркеуден бас тартып жүрген жігіттерге іздеу салсын.

2

2) әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тіркеу комиссиясы мерзімінде кесте бойынша аудан орталығының учаскелік инспекторлар санына кезекшілік құрылсын.

8

8. Аудандық қаржы бөлімі (Жұлдыз Қожабергенқызы Қапашева) Заңның 44 бабына сәйкес әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өту шараларына байланысты сәйкес қаржы бөлсін.

9

9. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар және оқу орындарының басшылары жас жігіттерді оқудан, еңбекақысы сақталуымен жұмыстан босатсын, тіркеуден өту мерзімі мен уақыты жөнінде құлақтырылсын.

10

10. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2006 жылдың 5 сәуіріне дейін ұсынсын.

11

11. Бұқар жырау аудан әкімдігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы №1\27 «1988 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 1710, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2005 жылдың 19 ақпанында жарияланған).

12

12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН:
Бұқар жырау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімнің бастығы
Ө. Әбілов
7.12.2005
Аудандық ішкі істер
бөлімнің бастығы
М. Рақымжанов
7.12.2005
Аудандық медициналық
бірлестіктің директоры
Б. Мұздыбай
7.12.2005