Қолданыстағы ред. 07.12.2006 (Редакция 31151_330150.kaz)

Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы от 07.12.2006 г. № 506 (Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы)

0

Жаңаарқа ауданы аумағында
тұратын 1990 жылы туған
азаматтарды 2007 жылғы әскерге
шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы Қаулысына, Қарағанды облысы әкімінің шешіміне сәйкес Жаңаарқа аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1990 жылы туған азаматтарды Жаңаарка ауданының корғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2007 жылдың 15 қаңтар айынан 31 наурыз айына дейінгі уақыт аралығында жүргізілсін.

2

2. 1990 жылы туған азаматтарды әскерге шакыру учаскесіне тіркеу жұмыстарының іс-шаралары бекітілсін (№1 косымшада көрсетілген).

3

3. Жаңаарка ауданының қорғаныс істер бөлімінің бастығына (C.Қасымовқа):

1

1) 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туған азаматтарды Жаңаарқа аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын;

2

2) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімі, олардың Ф-2 құжаттары 2006 жылдың 1 желтоқсанына дейін әзірленсін;

4

4. Аудандық медицина бірлестігіне (Ж.Қожабековаға - келісімі бойынша):

1

1) Әскерге шақырылатын азаматтарды дәрігерлік зерттеуден өткізу мақсатында құрылатын дәрігерлік комиссия құрамы бекітілсін (№2 қосымшада көрсетілген);

2

2) қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің белгіленген мерзімде аудандық медициналық мекемелерге қосымша бақылау жүргізу үшін төсек орнын қарастарып, тиісті актілерін толтыру;

3

3) аудандық медициналық мекемелер арқылы қантар айының 15-нен наурыз айының 31-не дейінгі уақыт аралығында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспары және есептеуі бойынша барлық тіркеуге жататын азаматтарды флюорографиялық зерттеу, талдау жүргізілуін қамтамасыз ету;

4

4) дәрігерлік комиссияны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

5

5) тіркеу мерзімінде тістерін емдеуді қажет ететін азаматтарды сауықтандыру;

6

6) әскерге шақыру учаскесіне тіркелген емделуді қажет ететін азаматтардың тізімі бойынша оларды емдеу, алдын алу мекемелеріне бекітіп, негізгі әскерге шақыру уақыты мерзіміне дейін емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

5

5. Кент және селолық округтердің әкімдеріне, барлық ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар басшыларына, аудандық білім бөліміне, кәсіптік мектеп директорларына:

1

1) тіркеуге жататын азаматтарға шақыру қағазы беріліп, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге белгіленген күндері әскерге шақыру учаскесіндегі комиссияға жеткізу;

2

2) азаматтарды шақыру пунктіне жеткізетін көлікпен қамтамасыз ету;

3

3) азаматтарды шақыру пунктіне жіберу алдында қажетті құжаттардың толықтылығын тексеру;

4

4) тіркеуден өтетін азаматтарды комиссиядан өту стационарлық байқаудан және амбулаториялық талдау мерізмдерінде жұмыстан, оқудан босату тапсырылсын.

6

6. Аудандық ішкі істер бөліміне (C.C. Әлиев - келісімі бойынша) азаматтарды шақыру пунктіне тасымалдау кезінде төтенше жағдай болдырмау үшін тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.

7

7. 1990 жылы туған азаматтарды Жаңаарқа аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде құрылған іздеу тобы бекітілсін (№3 қосымшада көрсетілген).

8

8. Аудандық ішкі істер бөлімі (Р.Зарубаев - келісімі бойынша) тарапынан әскери мәндеттерін орындаудан бұлтаратын азаматтарды іздестіріп, әкеліп-жеткізуде қолғабыс көрсетілсін.

9

9. Аудандық білім бөліміне (Е. Қуанышбековке) жастарды әскерге шақыру алдында дене шынықтыру және патриоттық тәрбиелеу, оларды қажетті әскери білім және тәжірибелік дағды алуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

10

10. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (З. Сердалиновке) азаматтарды тіркеуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру ұсынылсын.

11

11. Аудандық қорғаныс істер бөлімі (С. Қасымов - келісімі бойынша) Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы әскерге шақыру учаскесінің тіркеу қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкімдігіне 2007 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсынсын.

12

12. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 5 қаңтар 2006 жылғы «1989 жылы туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2006 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы» №01 қаулысының (Қарағанды облысы Әділет департаментінде 24 қаңтар 2006 жылы №8-12-11 тіркелген, 4 ақпан 2006 жылғы №5 (9133) «Жаңаарқа» газетінде ресми түрде нормативтік құқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

13

13. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Жандаулетовке жүктелсін.

14

14. Осы қаулы ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Аудандық білім бөлімі»
ММ-нің бастығы
Е.З. Қуанышбеков
7 желтоқсан 2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
АҚІБ ММ-нің бастығы
С.Қ. Қасымов
7 желтоқсан 2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медицина
бірлестігінің директоры
Ж. Қожабекова
7 желтоқсан 2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«АІІБ» ММ-нің бастығы
С.С. Әлиев
7 желтоқсан 2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
ММ-нің бастығы
З. Сердалинов
7 желтоқсан 2006 жыл

1. 1990 жылы туған азаматтарды әскерге шакыру учаскесіне тіркеу жұмыстарының іс-шаралары

7 желтоқсан 2006 жылғы
нормавтивтік-құқықтық сипаттағы
№506 қаулысына №1 қосымша
1990 жылы туған азаматтарды әскерге шакыру
учаскесіне тіркеу жұмыстарының іс-шаралары
Рет саны
Атқарылатын іс-шаралар
Өткізілетін мерзім
Жауапты адамдар
1
Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жүргізу
Сағат
9.00-17.00
дейін
Шарт бойынша әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А.Биғарашев
2
«Отанды қорғау – Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әңгіме өткізу
Сағат
10.00-10.50
дейін
С. Қасымов - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы
3
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әнгіме өткізу
Сағат
11.00-11.50
дейін
М. Жандаулетов – аудан әкімінің орынбасары
4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мәнінде түсінік беру
Сағат
12.00-12.50
дейін
Шарт бойынш әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А.Биғарашев
5
Түскі үзіліс
Сағат
13.00-14.00
дейін
6
Медициналық сараптама өткізу және әскери училищеге түсу үшін қандай құжаттар керектігі туралы әңгіме өткізу
Сағат
14.00-16.50
дейін
Дәрігерлер құрамы,
аудандық қорғаныс істер бөлімнің бастығы
7
Бір күндік жұмыстың қорытындысы және азаматтарға тіркеу куәлігін тапсыру
Сағат
17.00-18.00
дейін
Шарт бойынш әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А.Биғарашев

2. Әскерге шақырылатын азаматтарды дәрігерлік зерттеуден өткізу мақсатында құрылатын дәрігерлік комиссия құрамы:

7 желтоқсан 2006 жылғы
нормавтивтік-құқықтық сипаттағы
№506 қаулысына № 2 қосымша
Әскерге шақырылатын азаматтарды дәрігерлік зерттеуден өткізу
мақсатында құрылатын дәрігерлік комиссия құрамы:
Акибаева Оразкүл - дәрігер-хирург
Сейфуғалина Еркін - дәрігер-окулист
Оралбаева Аян - дәрігер-неврапотолог
Оралбаева Аян - дәрігер-психиатр
Бурштейн Борис Ефимович - дәрігер-стоматолог
Мәдиев Жұлдыз - дәрігер-отоларинголог
Толеубаев Амангельды - дәрігер-дерматолог
Тасжанова Карлығаш - дәрігер-терапевт
Асқарова Рыскүл - медбибі

3. 1990 жылы туған азаматтарды Жаңаарқа аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде құрылған іздеу тобы

7 желтоқсан 2006 жылғы
нормавтивтік-құқықтық сипаттағы
№ 506 қаулысына №3 қосымша
1990 жылы туған азаматтарды Жаңаарқа аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде құрылған іздеу тобы
Әбдікешев Нұржан Нәрікбайұлы - іздеу тобының бастығы, қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің орынбасары
Зарубаев Равхат Рахатович - аудандық ішкі істер бөлімінің
қызметкері
Қасымов Сағадат Қуанышбекұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, комиссия төрағасы
Жандаулетов Марат Жандаулетұлы - Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары, төраға орынбасары
Саденов Жаныс Қыстауұлы - аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
Жакаева Манара Жарылғасынқызы - аудандық медицина бірлестігінің
медбикесі, комиссия хатшысы