Мақат ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар есебін жүргізу, ережесін бекіту туралы» қаулысына және Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 24 қарашадағы №57 «Атырау облысының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
Мақат ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы от 22.12.2006 г. № 23 (Мақат ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы)
1. Аудан көлемінде тұратын шақыру учаскесіне тіркелетін он жеті жасқа толатын 1990 жылы туылған ер азаматтарды 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алу жүргізілсін.
2. Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды жүргізу комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Мақат аудандық орталық ауруханасына (Б.С.Оңдасынов) (келісім бойынша) 2-қосымшаға сәйкес аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар бөлу және медицина талаптарына сай тексеру ұсынылсын.
4. Білім беру ұйымдары және өзге де ұйымдардың басшылары жергілікті әскери басқару органдарынашақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін толықтай ұсынсын.
5. Азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін, қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.
6. Поселкелік әкімдер мен білім беру ұйымдар басшылары:
1) Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің шақыру учаскесіне уақытылы келуіне жауапты мамандар белгілеп, оларға тіркелушілерді ұйымдастырып ікелу және қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін;
2) Жастардың жергілікті жерлерден шақыру учаскесіне уақытылы келіп және тұрғылықты жерлеріне жеткізілуі үшін сенімді жабдықталған көлікпен қамтамасыз етсін.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Н.Ж.Кушенов) (келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын әскери еспке отырудан жалтарған азаматтарға өз құзіреті шегінде шаралар қолдану ұсынылсын.
8. Мақатмұнайгаз өндіру басқармасы (А.А.Қонысқалиев) (келісім бойынша) және Доссормұнайгаз өндіру басқармасы (М.Б.Қилыбаев) (келісім бойынша), Мақат локомотвтік пайдалану депосы (Қ.Д.Төретаев) (келісім бойынша), Мақат Сервис-2004 ЖШС (Ж.С.Мұқашев) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұжымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің қажетті санын, 3-қосымшаға сәйкес бөлу, осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталу ұсынылсын.
9. Доссормұнайгаз өндіру (М.Б.Қилыбаев) (келісім бойынша), Мақатмұнайгаз өндіру басқармасы (А.А.Қонысқалиев) (келісім бойынша) 4-қосымшаға сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін Байшонас, Доссор, Ескене, Комсомол, Қошқар поселкелік әкімдерінің тапсырыстары бойынша тіркелушілерді аудандық шақыру учаскесіне тасымалдау үшін автокөліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
10. Аудандық қаржы бөлімі (И.М.Мәжікеев) тіркеуге алу шарасын өткізуге байланысты 2007 жылға шыққан шығындарды сметаға сай бөлсін.
11. Жастарды шақыру учаскесіне тіркеу және олардың санын анықтап әскер жасына дейінгі қызметке дайындау шараларының орындалу қорытындысын 2007 жылдың сәуір айында аудан әкімінің аппарат мәжілісінде тыңдалсын.
12. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Кенжеғұлов.А.) (келісім бойынша) 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алу барысы жөнінде жүйелі түрде хабардар ету ұсынылсын.
13. Жоғарыда аталған барлық лауазым иелеріне өздеріне жүктелген міндеттерді уақытында және бұлжытпай орындауды тапсыру ұсынылсын.
14. Осы қаулының орындалысын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Н.Ғұмаровқа жүктелсін.
Келісілді:
Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
білім бастығының уақытша қызметін атқарушы
А.Кенжеғұлов
26.12.2006
Мақатмұнайгаз өндіру басқармасының
бастығы А.Қонысқалиев
26.12.2006
Доссормұнайгаз өндіру басқармасының
бастығы М.Қилыбаев
26.12.2006
Мақат аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Н.Кушенов
26.12.2006
Мақат Сервис-2004 жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
Ж.Мұқашев
26.12.2006
Мақат локомотивтік пайдалану
депосының директоры
К.Төретаев
26.12.2006
Мақат аудандық орталық аурухана
бас дәрігері Б.Оңдасынов
26.12.2006
Аудан әкімиятының «Мақат ауданының
1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылы
шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу туралы»
2006 жылғы «22» желтоқсандағы №23 қаулысына
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің орынбасары: С.Әбділдиев
Аудан әкімінің орынбасары: Н.Ғұмаров
Аппарат басшысы: Ж.Елубаева
Кеңсе бөлімінің меңгерушісі: О.Айкашева
Ұйымдастыру, кадр жұмысы және
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
бас маман-заңгері: А.Қосмағамбетов
Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі: И.Мәжікеев
Шешімді әзірлеген:
Аудандық Қорғаныс істер жөніндегі
бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы
А.Кенжеғұлов