Мақат ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақат ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар есебін жүргізу, ережесін бекіту туралы» қаулысына және Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 24 қарашадағы №57 «Атырау облысының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудан көлемінде тұратын шақыру учаскесіне тіркелетін он жеті жасқа толатын 1990 жылы туылған ер азаматтарды 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды жүргізу комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Мақат аудандық орталық ауруханасына (Б.С.Оңдасынов) (келісім бойынша) 2-қосымшаға сәйкес аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар бөлу және медицина талаптарына сай тексеру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымдары және өзге де ұйымдардың басшылары жергілікті әскери басқару органдарынашақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін толықтай ұсынсын.
Тармақ 5
5. Азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін, қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Поселкелік әкімдер мен білім беру ұйымдар басшылары:
Тармақша 1
1) Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің шақыру учаскесіне уақытылы келуіне жауапты мамандар белгілеп, оларға тіркелушілерді ұйымдастырып ікелу және қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Жастардың жергілікті жерлерден шақыру учаскесіне уақытылы келіп және тұрғылықты жерлеріне жеткізілуі үшін сенімді жабдықталған көлікпен қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Н.Ж.Кушенов) (келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын әскери еспке отырудан жалтарған азаматтарға өз құзіреті шегінде шаралар қолдану ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Мақатмұнайгаз өндіру басқармасы (А.А.Қонысқалиев) (келісім бойынша) және Доссормұнайгаз өндіру басқармасы (М.Б.Қилыбаев) (келісім бойынша), Мақат локомотвтік пайдалану депосы (Қ.Д.Төретаев) (келісім бойынша), Мақат Сервис-2004 ЖШС (Ж.С.Мұқашев) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұжымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің қажетті санын, 3-қосымшаға сәйкес бөлу, осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталу ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Доссормұнайгаз өндіру (М.Б.Қилыбаев) (келісім бойынша), Мақатмұнайгаз өндіру басқармасы (А.А.Қонысқалиев) (келісім бойынша) 4-қосымшаға сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін Байшонас, Доссор, Ескене, Комсомол, Қошқар поселкелік әкімдерінің тапсырыстары бойынша тіркелушілерді аудандық шақыру учаскесіне тасымалдау үшін автокөліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Аудандық қаржы бөлімі (И.М.Мәжікеев) тіркеуге алу шарасын өткізуге байланысты 2007 жылға шыққан шығындарды сметаға сай бөлсін.
Тармақ 11
11. Жастарды шақыру учаскесіне тіркеу және олардың санын анықтап әскер жасына дейінгі қызметке дайындау шараларының орындалу қорытындысын 2007 жылдың сәуір айында аудан әкімінің аппарат мәжілісінде тыңдалсын.
Тармақ 12
12. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Кенжеғұлов.А.) (келісім бойынша) 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алу барысы жөнінде жүйелі түрде хабардар ету ұсынылсын.
Тармақ 13
13. Жоғарыда аталған барлық лауазым иелеріне өздеріне жүктелген міндеттерді уақытында және бұлжытпай орындауды тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалысын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Н.Ғұмаровқа жүктелсін. Келісілді: Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі білім бастығының уақытша қызметін атқарушы А.Кенжеғұлов 26.12.2006 Мақатмұнайгаз өндіру басқармасының бастығы А.Қонысқалиев 26.12.2006 Доссормұнайгаз өндіру басқармасының бастығы М.Қилыбаев 26.12.2006 Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Кушенов 26.12.2006 Мақат Сервис-2004 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ж.Мұқашев 26.12.2006 Мақат локомотивтік пайдалану депосының директоры К.Төретаев 26.12.2006 Мақат аудандық орталық аурухана бас дәрігері Б.Оңдасынов 26.12.2006 Аудан әкімиятының «Мақат ауданының 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу туралы» 2006 жылғы «22» желтоқсандағы №23 қаулысына КЕЛІСІЛДІ: Аудан әкімінің орынбасары: С.Әбділдиев Аудан әкімінің орынбасары: Н.Ғұмаров Аппарат басшысы: Ж.Елубаева Кеңсе бөлімінің меңгерушісі: О.Айкашева Ұйымдастыру, кадр жұмысы және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері: А.Қосмағамбетов Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі: И.Мәжікеев Шешімді әзірлеген: Аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы А.Кенжеғұлов