Қолданыстағы ред. 13.12.2006

Исатай ауданының 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылы шақыру учасклеріне тіркеу жүргізу туралы от 13.12.2006 г. № 289 (Исатай ауданының 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылы шақыру учасклеріне тіркеу жүргізу туралы)

0

Исатай ауданының 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылы шақыру учасклеріне тіркеу жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16,17-ші, 44-баптарына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 137 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже» қаулысына, облыс әкімінің 2006 жылғы 24 қарашадағы № 57 «Атырау облысының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыруучаскелеріне тіркеу өткізу туралы» шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. 2007 жылдың каңтар-наурыз айларында Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде (Н. Бозбалиев – келісім бойынша) 1990 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген, аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.

2

2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрылсын. (1 қосымша) Комиссия жұмысы 2,3 – ші қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылсын.

3

3. Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (н. Бозбалиев – келісім бойынша), әскери есеп столы қызметкерлерімен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1990 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу міндеттелсін.

4

4. аудандық орталық аурухана әкімшілігіне (Ербосынов М – келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін медициналық тексеруге жабдықталған бөлмелермен, аудандық білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Жайықмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасы (Ғ.Кәукенов – келісім бойынша), техникалық қызметкерлерімен, аудандық телекоммуникация торабына (С. Арыстанов – келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету – қосымшаға сәйкес жүктелсін.

5

5. Аудандық орталық аурухана әкімшілігі (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (рентгенелогия зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын жүргізсін.

6

6. Аудандық білім бөлімі (Қарабаев Б( әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісінің басқарумен жеке іс-қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учасклеріне әкелуді қамтамасыз ету міндеттелсін.

7

7. Селолық округ әкімдеріне, мекеме-кәсіпорын басшыларына тіркелетін 1990 жылы туылған қызмет ететін немесе жұмыс жасамайтын және бұрын түрлі себеппен әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттарымен осы іске жауапты қызметкерлердің басқару арқылы шақыру учаскесіне жеткізу қажет деп табылсын.

8

8. Исатай аудандық ішкі істер бөлімі (қапаров Б – келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес тіркеу кезінде шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіліенген мерзімде шақыру учаскесіне келмегенадамдарды шұғыл іздестіру және Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде Қорғаныс істері бөліммен бірлесіп, іс-қимыл көрсетуін ұйымдастырсын.

9

9. Қаржы бөліміне (Алмағамбетов Е) жергілікті бюджет есебінен әскери есепке тіркелу шараларын өткізу үшін қажетті қаржы бөлу тапсырылсын.

10

10. Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша) Новобогат, Тұщықұдық, Забурын, исатай, Нарын, Жанбай селолық округіндегі әскери есепке тіркелуші жастарды шақыру учаскесіне жеткізу және алдын-ала медициналық байқауға апару үшін жеке көлік иесімен тасымалдауға шарт жасассын.

11

11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Зұлқашевке жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы:
Н. Бозбалиев
Исатай аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы:
Б. Қапаров
Аудандық емхананың
бас дәрігері:
М. Жамалова
"Жайықмұнай" Мұнайгаз өндіру
басқармасының бастығы
Қ. Елеусинов

12

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 289 қаулысына 1-қосымша
Жастарды әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы:
1. Бозбалиев Нұрасбек - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
2. Жанарыстанов Ғаллам - аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
1. Аубакиров Хайдар – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары
2. Бижанова Роза - аға дәрігер
3. Қойшыбаева Шолпан – комиссия хатшысы.

13

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 289 қаулысына 2-қосымша
Селолық округтер бойынша әскери есепке тіркелетін жастардың флюрографияға түсуге және анализдер тапсыру кестесі.

Селолық округтер
Өтетін күндері
13.12.2006
13.12.2006
13.12.2006
13.12.2006
13.12.2006
13.12.2006
13.12.2006
22.12.2006
25.12.2006
26.12.2006
27.12.2006
28.12.2006
29.12.2006
5.01.2007
1
Аққыстау с/о
х
2
Тұщықұдық с/о
х
3
Новобогат
х
4
Жанбай
х
5
Нарын
х
6
Забурын
х
7
Исатай
х
Ескерту: Флюрографияға түсіру аудандық емханада.

14

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 289 қаулысына 3-қосымша
Медициналық комиссияның өту кестесі
N
Селолық округтер
Өтетін күндері
24.01.2007
23.01.2007
22.01.2007
19.01.2007
18.01.2007
17.01.2007
16.01.2007
15.01.2007
1
Аққыстау
Х
Х
2
Тұщықұдық
Х
Х
3
Новобогат
Х
4
Жанбай
Х
5
Нарын
Х
6
Забурын
Х
7
Исатай
х
Х

15

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 289 қаулысына 4-қосымша
Тіркеу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бөлінетін техникалық қызметкерлердің, мекемелер тізімі.

Кәсіпорын, мекемелер атауы
Бөліну күні
1
Жайықмұнай мұнай - газ өндіру басқармасы
01.01.2007ж. – 30.03.2007ж.
2
Аудандық білім бөлімі
01.01.2007ж. – 30.03.2007ж.
3
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
01.01.2007ж. – 30.03.2007ж.
4
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
01.01.2007ж. – 30.03.2007ж.