Исатай ауданының 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылы шақыру учасклеріне тіркеу жүргізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Исатай ауданының 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылы шақыру учасклеріне тіркеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16,17-ші, 44-баптарына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 137 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже» қаулысына, облыс әкімінің 2006 жылғы 24 қарашадағы № 57 «Атырау облысының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыруучаскелеріне тіркеу өткізу туралы» шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың каңтар-наурыз айларында Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде (Н. Бозбалиев – келісім бойынша) 1990 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген, аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрылсын. (1 қосымша) Комиссия жұмысы 2,3 – ші қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (н. Бозбалиев – келісім бойынша), әскери есеп столы қызметкерлерімен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1990 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу міндеттелсін.
Тармақ 4
4. аудандық орталық аурухана әкімшілігіне (Ербосынов М – келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін медициналық тексеруге жабдықталған бөлмелермен, аудандық білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Жайықмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасы (Ғ.Кәукенов – келісім бойынша), техникалық қызметкерлерімен, аудандық телекоммуникация торабына (С. Арыстанов – келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету – қосымшаға сәйкес жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық аурухана әкімшілігі (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (рентгенелогия зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Аудандық білім бөлімі (Қарабаев Б( әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісінің басқарумен жеке іс-қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учасклеріне әкелуді қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 7
7. Селолық округ әкімдеріне, мекеме-кәсіпорын басшыларына тіркелетін 1990 жылы туылған қызмет ететін немесе жұмыс жасамайтын және бұрын түрлі себеппен әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттарымен осы іске жауапты қызметкерлердің басқару арқылы шақыру учаскесіне жеткізу қажет деп табылсын.
Тармақ 8
8. Исатай аудандық ішкі істер бөлімі (қапаров Б – келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес тіркеу кезінде шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіліенген мерзімде шақыру учаскесіне келмегенадамдарды шұғыл іздестіру және Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде Қорғаныс істері бөліммен бірлесіп, іс-қимыл көрсетуін ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Қаржы бөліміне (Алмағамбетов Е) жергілікті бюджет есебінен әскери есепке тіркелу шараларын өткізу үшін қажетті қаржы бөлу тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша) Новобогат, Тұщықұдық, Забурын, исатай, Нарын, Жанбай селолық округіндегі әскери есепке тіркелуші жастарды шақыру учаскесіне жеткізу және алдын-ала медициналық байқауға апару үшін жеке көлік иесімен тасымалдауға шарт жасассын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Зұлқашевке жүктелсін. Келісілді: Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы: Н. Бозбалиев Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: Б. Қапаров Аудандық емхананың бас дәрігері: М. Жамалова "Жайықмұнай" Мұнайгаз өндіру басқармасының бастығы Қ. Елеусинов
Басқа 12
Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 289 қаулысына 1-қосымша Жастарды әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы: 1. Бозбалиев Нұрасбек - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы 2. Жанарыстанов Ғаллам - аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: 1. Аубакиров Хайдар – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары 2. Бижанова Роза - аға дәрігер 3. Қойшыбаева Шолпан – комиссия хатшысы.
Басқа 13
Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 289 қаулысына 2-қосымша Селолық округтер бойынша әскери есепке тіркелетін жастардың флюрографияға түсуге және анализдер тапсыру кестесі. № Селолық округтер Өтетін күндері 13.12.2006 13.12.2006 13.12.2006 13.12.2006 13.12.2006 13.12.2006 13.12.2006 22.12.2006 25.12.2006 26.12.2006 27.12.2006 28.12.2006 29.12.2006 5.01.2007 1 Аққыстау с/о х 2 Тұщықұдық с/о х 3 Новобогат х 4 Жанбай х 5 Нарын х 6 Забурын х 7 Исатай х Ескерту: Флюрографияға түсіру аудандық емханада.
Басқа 14
Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 289 қаулысына 3-қосымша Медициналық комиссияның өту кестесі N Селолық округтер Өтетін күндері 24.01.2007 23.01.2007 22.01.2007 19.01.2007 18.01.2007 17.01.2007 16.01.2007 15.01.2007 1 Аққыстау Х Х 2 Тұщықұдық Х Х 3 Новобогат Х 4 Жанбай Х 5 Нарын Х 6 Забурын Х 7 Исатай х Х
Басқа 15
Аудандық әкімияттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 289 қаулысына 4-қосымша Тіркеу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бөлінетін техникалық қызметкерлердің, мекемелер тізімі. № Кәсіпорын, мекемелер атауы Бөліну күні 1 Жайықмұнай мұнай - газ өндіру басқармасы 01.01.2007ж. – 30.03.2007ж. 2 Аудандық білім бөлімі 01.01.2007ж. – 30.03.2007ж. 3 Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 01.01.2007ж. – 30.03.2007ж. 4 Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 01.01.2007ж. – 30.03.2007ж.