1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және жастарды 2007 жылы кезекті әскери қызметке шақыруға даярлық туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16,17 бабын орындау үшін және 1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымшылдықпен және өткізу мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және жастарды 2007 жылы кезекті әскери қызметке шақыруға даярлық туралы от 25.01.2007 г. № 5 (1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және жастарды 2007 жылы кезекті әскери қызметке шақыруға даярлық туралы)
1. 2007 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1990 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді дер кезінде және ұйымшылдықпен өткізу қамтамасыз етілсін.
2. Ауылдық округтерінің әкімдері азаматтардың дер кезінде хабарландыруын, келуін және әскери есеп столының бастығы және бастауыш әскери дайындық басшысының ілесуімен дәрігерлік куәландыруға жеткізілуін қамтамасыз етсін. Азаматтарды жеткізу барысында барлық жағдайлар жасалынсын, белгіленген пунктке дейін жеткізетін және ілесіп отыратын техника бөлінсін.
3. Федоровка аумақтық медициналық бірлестігіне (Мищенко А.А.), тіркеушілерді дәрігерлік куәландыру бойынша жан-жақты көмек көрсету жөнінде шаралар әзірлеуге ұсынылсын.
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Құрматов Х.Қ) шақыру кезінде шақыру пункттерде қоғамдық тәртіптің сақталуын және ауданның барлық аумағында азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асырылуын, тіркеуден жалтару әрекеттерінің алдын алуын қамтамасыз етуі ұсынылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төлегенов Мұсағали Орынғалиұлына жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс ішкі істер жөніндегі білім бастығы А.В.Махорин
Келісілді:
Аудандық қорғаныс ішкі істер бөлімінің бастығы Х.Қ.Құрматов
Келісілді:
Федоровка аумақтық медициналық бірлестігінің директоры А.А.Мищенко