Қолданыстағы ред. 23.01.2007 (Редакция 32489_320793.kaz)

1990 жылы туылған азаматтарды 2007 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы от 23.01.2007 г. № 4 (1990 жылы туылған азаматтарды 2007 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы)

0

1990 жылы туылған азаматтарды 2007 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 8 шілде 2005 жылғы № 74 Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 4 қантар 2007 жылғы №7 сұранысына сай ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Ауданда 2007 жылғы шақыру учаскелеріне 1990 жылы туылған азаматтарды әскери есепке алуды жүзеге асыру, ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және дәрігерлік куәландыру мақсатында аудандық комиссиялар құрылсын (жалғама 1).

2

2. Комиссия құрамы аудандық маслихат сессиянда бекітуге ұсынылсын.

3

3. Селолық округ әкімдеріне 2007 жылы тіркеуге жататын азаматтарды шақыру пунктіне алғашқы әскери пән мұғалімдерінің жетекшілік етуімен уақытында келуін және көлікпен қамтамасыз ету тапсырылсын.

4

4. Аудандық қаржы бөліміне (Б.Нурмағамбетов) көлік тасымалына қажетті жанар-жағар маймен қамту жүктелсін.

5

5. Аудандық аумақтық медицина бірлестігіне (Б.Хамидуллин) тіркеуге жататын шақырылушыларды дәрігерлік куәландыру үшін дәрігерлік сараптау комиссиясының мүшелерін қантар-наурыз айларында тіркеу жұмыстары аяқталғанша еңбек ақыларын сақтап, негізгі жұмыстарынан босату:

1

1) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұранысына сай сараптау комиссиясына білікті дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер бөлінуін, олардың қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтылуын;

2

2) Тіркеуге шақырылушыларды дәрігерлік сараптау флюрография ЭКГ және тағы басқа жұмыстардың талапқа сай сапалы өткізілуін;

3

3) Шақыру кезінде тіркеушілер арасында сырқаты анықталған және хирургиялық көмектіқажет ететін азаматтарды емдеу жұмыстарының жүргізілуін, қан группаларын айыру және егілуін сапалы атқару мақсатында іс-шаралар жоспарын жасау тапсырылсын;

6

6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М. Ермеғали) тіркеуге шақыру кезінде іс-қағаздарын жүргізуге ақылы қоғамдық қызмет есебінен жұмыссыздармен қамту тапсырылсын.

7

7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е.Бисенов) шақыру кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, тіркеуден жалтарып жүргендерді шақыру пунктіне кейуін қамтамасыз ету жүктелсін.

8

8. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы шешімнің орындалуын бақылау жасау жүктелсін.

12. 1990 жылы туылған азаматтарды 2007 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде комиссия құрамы.

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
23 қантардағы № 4 шешіміне
№1 жалғама
1990 жылы туылған азаматтарды 2007 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде комиссия құрамы.
Балғайшиев Арман Байзақұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Қожанғалиев Абай - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
Жұмағалиев Ермұхан - кәмелетке толмаған жасөспірімдер жөніндегі аймақтық полиция инспекторы.
Құспанова Зульфия - аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы.
Амангальдина Гүлжан - жасөспірімдер дәрігері, терапевт комиссия төрағасы
Аюпов Руслан - дәрігер-хирург
Даржанов Алтынбек - дәрігер-рентгенолог
Елеусинова Венера Жаукенқызы - көз дәрігері (окулист)
Нысанов Есенжан Мұхамедиярұлы - лор дәрігері
Дощанова Марал - дәрігер-дерматолог
Сүйеуғалиева Бақытсұлу Орынбасарқызы - тіс дәрігері
Үмбетова Светлана - дәрігер-невропотолог
Оразбаева Шара Дәулетқалиқызы - медбике
Қарашолақова Болған - медбике
Жамангарина Жанар - медбике