1990 жылы туылған азаматтарды әскери тіркеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі № 74 17-бабына, 44-бабының 1 – тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148-2 Заңы 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН :
1990 жылы туылған азаматтарды әскери тіркеуден өткізу туралы от 20.12.2006 г. № 569 (1990 жылы туылған азаматтарды әскери тіркеуден өткізу туралы)
1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы /Дүйсенов Ж.С/.
1)1990 жылы туылған азаматтарды , сондай-ақ бұрын шақыру учаскелерінде тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды, 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне тәркеуді қамтамасыз етсін.
2)Азааттарды әскери тіркеуден өткізу үшін тіркеу шаралары ұйымдастырылсын.
3)Комиссиялардың жұмыс істеуіне арнап жабдықталған орын –жай бөлінсін.
2. «Орталық қалалық арухана» /Ли Т.Г/, «Қалалық емхана» /Сариев М.Ж/ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшылары тіркеу кезінде:
1)Тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлсін:
2)Қорғаныс істер жөніндегі бөлімін қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал аспаптармен және медициналық мүліктермен жасақтасын.
3)Тіркелгендерді сапалы медициналық куәландыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда қорғаныс істер жөніндегі бөлімі мен медициналық комиссияның жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастырылсын, бұл үшін қаланың емдеу мекемелеріне қажетті санда төсектік орын бөлсін.
4)Денсаулық ауытқушылығы бар жасөспірімдерді сауықтыру жөнінде барлық шараларын алсын.
3. Қалалық ішкі істер бөлімі /Қарабалаев С.Ю/:
1)Азаматтарды тіркеу кезеңінде ішкі істер бөлімі Қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен өзара іс-қимылын ұйымдастырылсын және реттілік пен тәртіп қамтамасыз етсін:
2)Әскер жасына дейінгілердің бөлімшеге келуін бақылауды жүзеге асырсын және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кессін.
4. Қалалық білім бөлімі /Боранбаев Қ.Қ/: орта және арнаулы білім беру мекемелерінің басшылары 1990 жылғы жасөспірімдердің тіркеуге толық қатысуын қамтамасыз етсін.
5. Қалалық қаржы бөлімінің бастығы /Абдыкулова М.У/: азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды 2007 жылға арналған қалалық бюджетте көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
6. Қалалық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы /Дүйсенов Ж.С/ 2007 жылдың 10-сәуіріне дейін 1990 жылы туылған азаматтарды әскери тіркеуден өткізгендігі жөніндегі ақпарат берсін.
7. Осы шешімнің орындлысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.С. Сатыбалдиевке жүктелсін.
8. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.