1990 жылы туылған азаматтарды әскери тіркеуден өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туылған азаматтарды әскери тіркеуден өткізу туралы Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі № 74 17-бабына, 44-бабының 1 – тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148-2 Заңы 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН :
Тармақ 1
1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы /Дүйсенов Ж.С/.
Тармақша 1
1)1990 жылы туылған азаматтарды , сондай-ақ бұрын шақыру учаскелерінде тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды, 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне тәркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2)Азааттарды әскери тіркеуден өткізу үшін тіркеу шаралары ұйымдастырылсын.
Тармақша 3
3)Комиссиялардың жұмыс істеуіне арнап жабдықталған орын –жай бөлінсін.
Тармақ 2
2. «Орталық қалалық арухана» /Ли Т.Г/, «Қалалық емхана» /Сариев М.Ж/ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшылары тіркеу кезінде:
Тармақша 1
1)Тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлсін:
Тармақша 2
2)Қорғаныс істер жөніндегі бөлімін қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал аспаптармен және медициналық мүліктермен жасақтасын.
Тармақша 3
3)Тіркелгендерді сапалы медициналық куәландыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда қорғаныс істер жөніндегі бөлімі мен медициналық комиссияның жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастырылсын, бұл үшін қаланың емдеу мекемелеріне қажетті санда төсектік орын бөлсін.
Тармақша 4
4)Денсаулық ауытқушылығы бар жасөспірімдерді сауықтыру жөнінде барлық шараларын алсын.
Тармақ 3
3. Қалалық ішкі істер бөлімі /Қарабалаев С.Ю/:
Тармақша 1
1)Азаматтарды тіркеу кезеңінде ішкі істер бөлімі Қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен өзара іс-қимылын ұйымдастырылсын және реттілік пен тәртіп қамтамасыз етсін:
Тармақша 2
2)Әскер жасына дейінгілердің бөлімшеге келуін бақылауды жүзеге асырсын және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кессін.
Тармақ 4
4. Қалалық білім бөлімі /Боранбаев Қ.Қ/: орта және арнаулы білім беру мекемелерінің басшылары 1990 жылғы жасөспірімдердің тіркеуге толық қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қалалық қаржы бөлімінің бастығы /Абдыкулова М.У/: азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды 2007 жылға арналған қалалық бюджетте көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Қалалық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы /Дүйсенов Ж.С/ 2007 жылдың 10-сәуіріне дейін 1990 жылы туылған азаматтарды әскери тіркеуден өткізгендігі жөніндегі ақпарат берсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындлысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.С. Сатыбалдиевке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.