1990 жылы туылған азаматтарды
әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге
алу және жастарды әскери қызметке
шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 1-тармағына және 5-тармағына сәйкес, 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы от 29.12.2006 г. № 946 (1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы)
1. 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
2. 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу жөніндегі аудандық комиссия 1 қосымшаға сәйкес құрамда және медициналық комиссия 2 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері :
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын 1990 жылы туылған жастардың тізімін берсін;
2) 1990 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алуды қамтамасыз етсін .
4. Аудандық ішкі істер бөлімі ( Күдебаев Серік Мырзақүлұлы):
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге эскерге шақыру учаскелерінде, тізімге тұрудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді және ұстауды қүзыреті шегінде жүзеге асырсын.
5. Аудандық орталық аурухана (Молдахалықова Доғдырқұл Өмірқұлқызы):
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1990 жылы туылған амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және кабинеттерінде, сонымен тұрған жастардың тізімін сауықтыру бастасын, олардың психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірім қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тапсырсын;
3) тіркеуге алуға дейін 1990 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
6. Аудандық білім беру бөлімі ( Тлепбергенов Серік Аққүлұлы):
1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уәкілін бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
2) 1990 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарын түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы):
қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
8. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Момынқұлов Байжомарт Байшымырұлы):
1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың жүзеге асырсын;
2) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және ұйымдастырып, өткізсін.
9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ұйымдастырылған шаралар мен олардың орындалу барысы ту ақпаратты аудан әкімі аппаратына хабарласын.
10. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 826 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы
1990 жылы бөлімі дайындығына бақылауды түсініктеме жұмыстарын тіркеуге алу бойынша 8 қарашада тіркелген, тіркеу № 2-7-12, 2006 жылғы 1 қаңтардағы № 1(5263) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «1989 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке дайындау туралы» қаулысы күші жойылған деп танылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Махаббат Садуақасұлы Бигелдиевке жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы
"29" желтоқсан № 946
"1990 жылы туылған азаматтарды
әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге
алу және жастарды әскери қызметке
шақыруға дайындау туралы "
қаулысына 1 қосымша
1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу жөніндегі
аудандық комиссия құрамы
Балғымбаев Едіге Байзақұлы- комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Дәуітқұлов Жұман Сатыбалдыұлы -комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай жөніндегі бас маман
Келгенбаев Бейбіт Дүйсенбайұлы- ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Молдахалықова ДоғдырҚҰл Өмірқұлқызы -орталық аудандық аурухананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы
Нұрманова Раушан Айтмұханбетқызы- комиссия хатшысы, мейірбике.
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы
"29" желтоқсан № 946
"1990 жылы туылған азаматтарды
әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге
алу және жастарды әскери қызметке
шақыруға дайындау туралы "
қаулысына 2 қосымша
Медициналық комиссия құрамы
Жаңабергенова Ділбар Жұмабайқызы-
аудандық аурухананың аға дәрігері
Қожамқұлов Асхат Бақытханұлы-
аудандық аурухананың хирург дәрігері
Мақышева Алмагуль Қазбекқызы-
аудандық аурухананың терапевт дәрігері
Ағзамова Майя Қангерейқызы-
аудандық аурухананың көз дәрігері
Бейіспаев Асқар Жұмаділұлы-
аудандық аурухананың лор дәрігері
Дүйсебаева Гүлжан Мәмбетқұлқызы-
аудандық аурухананың психиатр дәрігері
Кәрімов Абрек Яроллаұлы-
аудандық аурухананың дерматовенеролог дәрігері
Сұртаева Маржан Қайымқызы-
аудандық аурухананың фтизиатр дәрігері
Спатаев Марат Алтынбекұлы-
аудандық аурухананың тіс дәрігері
Арзабаева Бақыт Самарқанқызы-
аудандық аурухананың невропатолог дәрігері
Қаңлыбаева Мәрия Ескендірқызы-
аудандық аурухананың антропометристі