Қолданыстағы ред. 22.01.2007 (Редакция 32273_323432.kaz)

1990 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы от 22.01.2007 г. № 1 (1990 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы)

0

1990 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес және әскер жасына дейінгі аудан азаматтарының әскери қызметке жарамдылығы мен денсаулық жағдайын анықтау және оларды есепке қою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Аудан бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізіп, әскери бөлімдерге алдын ала бөлу үшін азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссия құрамы (1 қосымша) және азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу кестесі (2 қосымша) бекітілсін.

2

2. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігіне (Калибеков Т.А) 2007 жылғы 29 қаңтардан 30 наурыз аралығында (келісім бойынша) тіркеуге жататын азаматтарды:

1

1) аудандық ауруханада флюрографиялық тексеруден дәрігерлік куәландыру өткізу;

2

2) стационарлық тексеруден өтушілерге және тіркелушілерге анадан орын бөлу, емдеу және тексеруді кезектен тыс өткізу;

3

3) дәрігерлік куәландыруға дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу ұсынылсын.

3

3. Селолық округ әкімдері:

1

1) шақыру учаскесіне тіркеуге шақырылған азаматтарды кестеге сәйкес мерзімінде жеткізуді қамтамасыз етсін;

2

2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін автокөлік бөлсін және қысқы кезеңде кездесетін жолсыздық жағдайы ескеріліп, даярлық қарастырылсын;

3

3) жастарды шақыру учаскесіне жеткізуді алғашқы әскери дайындық жетекшісі және селолық округ маманы жүзеге асырсын.

4

4. Тасқала аудандық ішкі істер бөліміне (Зиналиев Б.Ғ) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде (келісім бойынша) ұсынылсын.

5

5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Мусалимова Р.С) тіркеуді жүргізуге және қажетті құжаттарды әзірлеуге көмектесу үшін 2 адам бөлсін.

6

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әсетқызы Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

7

7. Осы шешім қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.
Келісілді:
Аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы
А.Ә.Жұбанышқалиев
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Б.Ғ.Зиналиев
Аумақтық медициналық бірлестігінің директоры
Т.А.Қалыбеков

14. Аудан бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізіп, әскери бөлімдерге алдын ала бөлу үшін азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жөнінде комиссия құрамы

Аудан әкімінің
2007 жылғы «22» қаңтардағы
№1 шешімімен бекітілді
1 қосымша
Аудан бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізіп, әскери бөлімдерге алдын ала бөлу үшін азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жөнінде комиссия құрамы
Жұбанышқалиев Абат Әсетұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Шынбаев Қанатғали Қажыбайұлы - аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы комиссия төрағасының орынбасары;
Кұсайынов Әлібек Жақымұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша), комиссия мүшесі;
Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы - аудандық аумақтық медициналық
директорының орынбасары, комиссия мүшесі, медициналық комиссияның төрайымы;
Айтжанова Нұрсұлу - медбике, комиссия хатшысы.

15. Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу кестесі

Аудан әкімінің
2007 жылғы «22» қаңтардағы
№ 1 шешімімен бекітілді
2 қосымша
Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу кестесі

Селолық округтер атауы
Медициналық комиссиядан өту күндері
ақпан
7-8
9-10
12-13
14-15
16-17
19-20
Барлығы
10
13
15
17
20
1
Ақтау
18
18
2
Амангелды
19
19
3
Достық
11
11
4
Қосшы
13
13
5
Қазақстан
22
22
6
Тасқала
71
40
31
7
Мереке
17
17
8
Мерей
32
32
9
Шежін
18
18
барлығы
221
31
30
40
39
31
50