Қолданыстағы ред. 19.09.2007

1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлік емдеуден өткізу туралы от 19.09.2007 г. № 487/9 (1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлік емдеуден өткізу туралы)

0

1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлік емдеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»Заңының 10, 15 баптарына сәйкес, әскер қатарына шақыру жасына дейінгі жасөспірімдерді жан – жақты тексеруден өтуін ұйымдастыру, анықталған науқастардың арасында емдеу – сауықтыру шараларын өткізу мақсатында аулан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауданда әскер қатарына шақыру жасына дейінгі жасөспірімдердің диспансерлік емдеуін 2007 жылдың 22 желтоқсанына дейін өткізсін;
1991 - 1992 жылдары туған жасөспірімдердің медициналық тексерулерін аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің дәрігерлік комиссия құрамымен аудандық орталық ауруханада өткізсін;
1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдермен барлық емдеу – сауықтыру шараларын аудандық емдеу – сауықтыру ұйымдарында өткізсін, өткізген тексерулердің нәтижелерін медициналық құжаттарда белгіленсін.

2

2. Селолық округ әкімдері, мектеп және кәсіптік директорлары тиісті ұйымның көмегімен қорғаныс істер жөніндегі бөлімге қорғаныс Министрлігінің № 0273 нысаны бойынша 1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдердің тізімдерін ұсынсын.

3

3. Ауданның білім бөлімінің меңгерушісі С.Р.Мүсенова, мектеп және кәсіптік мектеп директорлары ұйымның көмегімен бастапқы әскери даярлық бойынша ұйымдастырушы – ұстаздың міндетті басшылығымен кестеге сәйкес жасөспірімдерді ауданның ауруханасына диспансерлік тексеруге жеткізуін қамтамасыз етсін.

4

4. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Г.Н. Садықова (келісім бойынша):
дәрігер мамандарының, орташа медициналық персоналдың құрамын анықтасын, жасөспірімдердің диспансерлік тексерудің өткізу үшін қажетті медициналық мүлік пен құрал – жабдықтарды бөлсін.

5

5. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсін.