1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлік емдеуден өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлік емдеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»Заңының 10, 15 баптарына сәйкес, әскер қатарына шақыру жасына дейінгі жасөспірімдерді жан – жақты тексеруден өтуін ұйымдастыру, анықталған науқастардың арасында емдеу – сауықтыру шараларын өткізу мақсатында аулан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданда әскер қатарына шақыру жасына дейінгі жасөспірімдердің диспансерлік емдеуін 2007 жылдың 22 желтоқсанына дейін өткізсін;
1991 - 1992 жылдары туған жасөспірімдердің медициналық тексерулерін аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің дәрігерлік комиссия құрамымен аудандық орталық ауруханада өткізсін;
1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдермен барлық емдеу – сауықтыру шараларын аудандық емдеу – сауықтыру ұйымдарында өткізсін, өткізген тексерулердің нәтижелерін медициналық құжаттарда белгіленсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері, мектеп және кәсіптік директорлары тиісті ұйымның көмегімен қорғаныс істер жөніндегі бөлімге қорғаныс Министрлігінің № 0273 нысаны бойынша 1991 – 1992 жылдары туған жасөспірімдердің тізімдерін ұсынсын.
Тармақ 3
3. Ауданның білім бөлімінің меңгерушісі С.Р.Мүсенова, мектеп және кәсіптік мектеп директорлары ұйымның көмегімен бастапқы әскери даярлық бойынша ұйымдастырушы – ұстаздың міндетті басшылығымен кестеге сәйкес жасөспірімдерді ауданның ауруханасына диспансерлік тексеруге жеткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Г.Н. Садықова (келісім бойынша):
дәрігер мамандарының, орташа медициналық персоналдың құрамын анықтасын, жасөспірімдердің диспансерлік тексерудің өткізу үшін қажетті медициналық мүлік пен құрал – жабдықтарды бөлсін.
Тармақ 5
5. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсін.