О приписке граждан 1991 года рождения к призывному участку Айыртауского района в период с января по март 2008 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приписке граждан 1991 года рождения к призывному участку Айыртауского района в период с января по март 2008 года
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне 1991 жылғы азаматтарды тіркеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 25.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2007 36597_354212.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SC000057
- ЭКБ идентификаторы
- 36597
- Редакция идентификаторы
- 36597_354212
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:23
0 2008 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне 1991 жылғы азаматтарды тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-ІІІ ЗРК Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, әскери есепке дейінгі шақырылушыларды әскери есепке қою мақсатыңда ШЕШІМ қабылдаймын:
1 1. 1991 жылғы азаматтарды 2008 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың наурызына дейінгі кезеңде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
2 2. Селолық округ әкімдері белгіленген мерзімде хабарды жеткізуді ұйымдастырып, азаматтардың тіркеуге уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Айыртау аудандық емхананың бас дәрігеріне:
тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссия билігіне білікті дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
қамтамасыз етілсін:
тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссиясы дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен;
тіркеу жүргізу үстінде анықталып, қосымша тексеруге жіберілген науқас әскерге шақырылушыларды емдеу.
4
4. Ауданның қаржы бөлімі 2008 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың наурызына дейінгі тіркеу жүргізу кезеңде ауданның қорғаныс істері жөніндегі өліміне тартылған техникалық қызметкерлердің және қызмет ететін жұмысшы тұлғалардың еңбегіне жалақы төлеу үшін бекітілген смета шегінде қаржыландыру жүргізілсін, сонымен бірге тіркеуді ұйымдастыру және 1991 жылғы, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды іздестіру үшін аталған іс-шараға бөлінген қаражаттан ақшалай қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін.
5 5. Аудандық ішкі істер бөлімі тіркеу жүргізу кезеңде шақыру учаскесінде қоғамдык тәртіпті сақтауды ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Ахметжановқа жүктелсін.
7 7. Осы шешім ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауданның қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы
Ю.Плетухин
2007 ж. «24» желтоқсан
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Б.Ильяшев
2007 ж. «24» желтоқсан
Айыртау аудандық
емхананың бас дәрігері
С.Сәдуақасова
2007 ж. «24» желтоқсан