Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1991 года рождения к призывному участку в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1991 года рождения к призывному участку в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы шақыру учаскесіне 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 03.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 03.01.2008 37032_259117.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NA000098
- ЭКБ идентификаторы
- 37032
- Редакция идентификаторы
- 37032_259117
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:17
0 2008 жылы шақыру учаскесіне 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Kазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Kазақстан Республикасы Заңының 1 тармағы, 13) тармақшасының 33-бабына сәйкес және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Kазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағының негізінде ШЕШТІ:
1
1. 2008 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Kазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Kостанай қаласының Kорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын белгілеу және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2 2. «Kостанай облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің директорына (келісім бойынша) ұсынылсын:
1 1) әскер жасына дейінгі азаматтарды медициналық куәландандыру үшін тәжірибелі дәрігер-мамандар, сондай-ақ орта медициналық жұмыскерлер жіберсін;
2 2) әскер жасына дейінгі азаматтар үшін алдын-ала тексеруді қамтамасыз етсін;
3 3) қалалық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі азаматтар үшін емдеу-сауықтыру мекемелерінде кезектен тыс қосымша тексеруді қамтамасыз етсін;
3 3. «Kостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы:
2008 жылдың қаңтар-наурызындағы тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Kазақстан Республикасының Заңына сәйкес Kостанай қаласының Kорғаныс істері жөніндегі басқармасының шығыстар сметасында көзделген ассигнованиялары есебінен жүргізсін.