1991 жылы туылған азаматтарды 2008 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1991 жылы туылған азаматтарды 2008 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1991 жылы туылған азаматтарды 2008 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 08.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2008 · қолданыстағы 37601_320994.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZI000053
- ЭКБ идентификаторы
- 37601
- Редакция идентификаторы
- 37601_320994
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:16
0 1991 жылы туылған азаматтарды 2008 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-11 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, 8 шілде 2005 жылғы №74 Қазақстан Республикасының “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 4 желтоқсан 2007 жылғы №1139 сұранысына сай ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Ауданда 2008 жылғы шақыру учаскелеріне 1991 жылы туылған азаматтарды әскери есепке алуды жүзеге асыру, ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және дәрігерлік куәландыру мақсатында аудандық комиссиялар құрылсын (жалғама 1).
2 2. Селолық округ әкімдеріне 2008 жылы тіркеуге жататын азаматтарды шақыру пунктіне алғашқы әскери пән мұғалімдерінің жетекшілік етуімен уақытында келуін және көлікпен қамтамасыз ету тапсырылсын.
3 3. Аудандық қаржы бөліміне (Б.Нұрмағамбетов) көлік тасымалына қажетті жанар-жағар маймен қамту жүктелсін.
4
4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау Департаментінің “Қаратөбе аудандық ауруханасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (Х.Ералин) тіркеуге жататын шақырылушыларды дәрігерлік куәландыру үшін дәрігерлік сараптау комиссиясының мүшелерін қаңтар-наурыз айларында тіркеу жұмыстары аяқталғанша еңбек ақыларын сақтап, негізгі жұмыстарынан босату:
1 1) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұранысына сай сараптау комиссиясына білікті дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер бөлінуін, олардың қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтылуын;
қызметкерлер бөлінуін, олардың қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтылуын;
2 2) Тіркеуге шақырылушыларды дәрігерлік сараптау флюрография ЭКГ және тағы басқа жұмыстардың талапқа сай сапалы өткізілуін;
3 3) Шақыру кезінде тіркеушілер арасында сырқаты анықталған және хирургиялық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу жұмыстарының жүргізілуін, қан группаларын айыру және егілуін сапалы атқару мақсатында іс-шаралар жоспарын жасау тапсырылсын;
5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М. Ермеғали) тіркеуге шақыру кезінде іс-қағаздарын жүргізуге ақылы коғамдық қызмет есебінен жұмыссыздармен қамту тапсырылсын.
6 6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е.Бисенов) шақыру кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртәптің сақталуын, тіркеуден жалтарып жүргендерді шақыру пунктіне келуін қамтамасыз ету жүктелсін.
7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке жүктелсін.
8 8. Осы шешім 2008 жылдың 8 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
12 1991 жылы туылған азаматтарды 2008 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде комиссия құрамы.
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
8 қаңтардағы № 2 шешімімен
бекітілген №1 жалғама
1991 жылы туылған азаматтарды 2008 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде комиссия құрамы.
Қожанғалиев Абай - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы.
Балғайшиев Арман Байзақұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Искаков Серік Әділгерейұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
Құспанова Зульфия - аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы.
Мұқанов Марат Бақытжанұлы - жасөспірімдер дәрігері, терапевт, психиатр комиссия төрағасы
Әйіпов Руслан Қадырболатұлы - дәрігер-хирург
Даржанов Алтынбек - дәрігер-рентгенолог
Елеусинова Венера Жаукенқызы - көз дәрігері
Нысанов Есенжан Мұхамедиярұлы - лор дәрігері
Дощанова Марал - дәрігер-дерматолог
Құрманғалиева Саржан - тіс дәрігері
Үмбетова Светлана Төлегенқызы - дәрігер-невропотолог
Оразбаева Шара Дәулетқалиқызы - медбике
Қарашолақова Болған - медбике
Жамангарина Жанар - медбике
Мухамедова Айгүл - медбике
Ондағанов Серік - рентген лаборант
Аймашева Балсан - лаборант