Қолданыстағы ред. 11.12.2007

Уәлиханов ауданының әскерге шақыру учаскесінде 1991 жылғы туған азаматтарды тіркеуден өткізу туралы от 11.12.2007 г. № 206 (Уәлиханов ауданының әскерге шақыру учаскесінде 1991 жылғы туған азаматтарды тіркеуден өткізу туралы)

0

Уәлиханов ауданының әскерге шақыру учаскесінде 1991 жылғы туған азаматтарды тіркеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:

1

1. 2008 жылғы қаңтар -наурызында 1991 жылғы туған азаматтарды әскери шақыру учаскесінде тіркеуі өткізілсін.

2

2. Тіркеу комиссиясының құрамы құрылсын:
Мұсақұлов Ермұхаммад Оразбекұлы - тіркеу комиссиясының төрағасы, Уәлиханов ауданының корғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы
Айтмағамбетов Сағындық Әюпұлы - тіркеу комиссиясы төрағасының орынбасары, Уәлиханов ауданы әкімі орынбасарының көмекшісі
комиссия мүшелері:
Сыздықов Шоқан Сапарханұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Сәриева Шынар Шәріпханқызы - аудандық емхананың бас дәрігері мед комиссия төрайымы
Ташкина Зәуреш Айтмағамбетқызы - шақыру комиссияның хатшысы, аудандық орталық аурухананың медбикесі

3

3. Аудандық емхананың бас дәрігері Сәриева Ш. Ш. (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде:

1

1) дәрігер-мамандарды медициналық куәландыруды өткізу үшін қамтамасыз етсін;

2

2) кіші медициналық персонал бөлсін:
лор-дәрігерге - медбике
терапевт-дәрігерге - медбике
антропометрия - медбике

3

3) Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің кестесі бойынша барлық тіркелгендерді рентгенографиядан өткізсін;

4

4) медициналық комиссияны медицина аспаптармен, медицина мүліктерімен тіркеу үшін қамтамасыз етсін;

5

5) тіркеу комиссиясының дәрігерлер жолдамасымен тіркеушілерді стационарлық
тексеруге аудандық ауруханада қажетті төсек-орын бөлсін.

4

4. Тіркеу мерзімінде шақыру учаскесінде жұмысқа қатынасу үшін қажетті техникалық жұмыскерлер бөлінсін.

5

5. Селолық (ауылдық) округтердің әкімдері:
1991 жылы туған азаматтарды анықтап, шақыру учаскесіне толық қамту шараларын қолдасын.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Жомартов И.Қ. - (келісім бойынша) комиссияның тіркеу жұмысы күндері іздестіру тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуына бір жауапты жұмыскер бөлсін.

7

7. Ауданның қаржы бөлімінің бастығы (Көрпебаева К.Б) 2008 жылғы аудан бюджетінде анықталған Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің сметасы бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

8

8. Уәлиханов ауданы қорғаныс істер Бөлімінің бастығы майор Э.Мұсақұлов (келісім бойынша) 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу жөнінде қортынды ақпаратты аудан әкіміне ұсынсын.

9

9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.С.Бектеміровке жүктелсін.

10

10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.
Келісілді
Аудандық емханасының
бас дәрігері
Ш.Сәриева
Аудандық қаржы
бөлімінің бастығы
К.Көрпебаева
Уәлиханов ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
Бөлімінің бастығы
Е.Мұсақұлов
Ауданның ішкі істер
бөлімінің бастығы
И.Жомартов