Уәлиханов ауданының әскерге шақыру учаскесінде 1991 жылғы туған азаматтарды тіркеуден өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уәлиханов ауданының әскерге шақыру учаскесінде 1991 жылғы туған азаматтарды тіркеуден өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы қаңтар -наурызында 1991 жылғы туған азаматтарды әскери шақыру учаскесінде тіркеуі өткізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу комиссиясының құрамы құрылсын: Мұсақұлов Ермұхаммад Оразбекұлы - тіркеу комиссиясының төрағасы, Уәлиханов ауданының корғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы Айтмағамбетов Сағындық Әюпұлы - тіркеу комиссиясы төрағасының орынбасары, Уәлиханов ауданы әкімі орынбасарының көмекшісі комиссия мүшелері: Сыздықов Шоқан Сапарханұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Сәриева Шынар Шәріпханқызы - аудандық емхананың бас дәрігері мед комиссия төрайымы Ташкина Зәуреш Айтмағамбетқызы - шақыру комиссияның хатшысы, аудандық орталық аурухананың медбикесі
Тармақ 3
3. Аудандық емхананың бас дәрігері Сәриева Ш. Ш. (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде:
Тармақша 1
1) дәрігер-мамандарды медициналық куәландыруды өткізу үшін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) кіші медициналық персонал бөлсін: лор-дәрігерге - медбике терапевт-дәрігерге - медбике антропометрия - медбике
Тармақша 3
3) Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің кестесі бойынша барлық тіркелгендерді рентгенографиядан өткізсін;
Тармақша 4
4) медициналық комиссияны медицина аспаптармен, медицина мүліктерімен тіркеу үшін қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) тіркеу комиссиясының дәрігерлер жолдамасымен тіркеушілерді стационарлық тексеруге аудандық ауруханада қажетті төсек-орын бөлсін.
Тармақ 4
4. Тіркеу мерзімінде шақыру учаскесінде жұмысқа қатынасу үшін қажетті техникалық жұмыскерлер бөлінсін.
Тармақ 5
5. Селолық (ауылдық) округтердің әкімдері: 1991 жылы туған азаматтарды анықтап, шақыру учаскесіне толық қамту шараларын қолдасын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Жомартов И.Қ. - (келісім бойынша) комиссияның тіркеу жұмысы күндері іздестіру тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуына бір жауапты жұмыскер бөлсін.
Тармақ 7
7. Ауданның қаржы бөлімінің бастығы (Көрпебаева К.Б) 2008 жылғы аудан бюджетінде анықталған Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің сметасы бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Уәлиханов ауданы қорғаныс істер Бөлімінің бастығы майор Э.Мұсақұлов (келісім бойынша) 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу жөнінде қортынды ақпаратты аудан әкіміне ұсынсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.С.Бектеміровке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді. Келісілді Аудандық емханасының бас дәрігері Ш.Сәриева Аудандық қаржы бөлімінің бастығы К.Көрпебаева Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы Е.Мұсақұлов Ауданның ішкі істер бөлімінің бастығы И.Жомартов