О проведении приписки на призывном участке Управления по делам обороны города Актобе граждан 1991 года рождения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки на призывном участке Управления по делам обороны города Актобе граждан 1991 года рождения
- Атауы (қаз.)
- 1991 жылы туылған азаматтарды Ақтөбе қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 13.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2009 AI36262_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07CA000081
- ЭКБ идентификаторы
- 36262
- Редакция идентификаторы
- AI36262_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:38
0 1991 жылы туылған азаматтарды Ақтөбе қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын , Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі және ережені бекіту туралы" Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33, 37 баптары негізінде қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. 2008 жылдың 10 қаңтар мен 31-i наурыз аралығында Ақтөбе қаласы Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасының шақыру учаскесiне тiркелу жасы 17-ге толатын 1991 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тiркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Ақтөбе қаласының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеу жүргiзiлсiн.
Шараларды орындауға қатысты шығындар жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
2 2. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау Департаменті (Қ. Қ. Сабыр) Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма қарамағына бөлсiн:
1 1) бекiтiлген құрамға сәйкес тiркелiнетiндерге медициналық куәлiк берудi жүргiзу үшiн дәрiгер-мамандарды;
2 2) тiркелiнетiндерге медициналық құжаттарымен сапалы және толық қамтамасыз ету үшiн жеткіншектер кабинеттерiнiң дәрiгерлерiн;
3 3) дәрігер - мамандарды және медбикелерді қосымша тексеруден өткізу үшін, тіркелетіндердің саны көбеюіне байланысты;
4 4) дәрігер - мамандардың резервтегі құрамын;
5 5) медициналық комиссия жұмысы үшiн қажетті медициналық мүлiктердi, құралдарды және дәрi - дәрмектердi.
3 3. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары:
1 1) тiркеуге жататын азаматтарға хабар берсiн, оларды қалалық шақыру пунктiне шақырсын және олардың бұл шақыру бойынша дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн;
2 2) шақыруға дейінгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындауға қажеттi уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (стипендиясын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.
4
4. Қалалық бiлiм бөлімінің бастығы (Ә. К. Көшербаев) Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармамен (Т. К. Бөлтеев) бiрлесе отырып, қала мектептерiнде оқитын барлық 1991 жылы туылған жасөспiрiмдердi толық тiркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тiркелу кезiнде анықталған барлық орта бiлiмi жоқ жасөспiрiмдердi кейiннен күндiзгi және сырттай жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқытатындай етiп, есепке алсын.