Қолданыстағы ред. 24.12.2007 (Редакция 36764_180742.kaz)

1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы от 24.12.2007 г. № 71 (1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы)

0

1991 жылы туылған азаматтарды
әскерге шақыру учаскесіне тізімге
алу және жастарды әскери қызметке
шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11
"Қазақстан Республикасында жергілікті мемелекеттік басқару туралы"
Заңының 33-бабыңың 1-тармағы 13-тармақшасына, 2005 жылғы 8-шілдедегі
№ 74-111 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5-мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуы жүргізу тәртібі туралы ережесін -бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Іле ауданның әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылғы қаңтар - наурыз айларында 1991 жылы туылған, сондай-ақ
бұдан бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру
учаскесіне тізімге алынсын.

2

2. Тізімге алу Іле аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру
учаскесінде ұйымдастырылсын.

3

3. Аудандық қорғаныс бөліміне тізімге алынған азаматтарды шақыру
комиссиясына келуді қамтамасыз етсін.

4

4. Іле аудандық мемлекеттік қазыналық мекемесінің бас дәрігері
(Бақтыгүл Ескендір Тұрсынмұратова):

1

1) Шақыру комиссиясының үкіміне сәйкес тәжірибелі маман -
дәрігерлерді және орта медициналық қызметкерлерді қажетті мөлшерлерде
бөлсін;

2

2) Шақыру учаскесін қүрал жабдықтармен медициналық және
шаруашылық мүліктермен, қажетті дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етсін;

3

3) Аудандық емдеу мекемелерінде тізімге алынушылардың денсаулық
жағдайын қосымша тексеру үшін қажетті төсек - орын қалдырылсын;

4

4) Ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру
жұмыстарын тікелей медициналық кезінде бастасын, олардың тізімі осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман – дәрігерлеріне тапсырылсын;

5

5) Үш күн мерзім ішінде ем алып жатқан жасөспірімдердің тізімі қорғаныс істері жөніндегі бөлімге берілсін;

5

5. Іле аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы (Жолтаева Бағила Бақытжанқызы):

1

1) Тізімге алынушылардың арасында әскери оқу орындарына түсетін
кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін және әкім аппаратына
тапсырсын;

2

2) Тізімге алу кезінде шақырылушы арасында әскери - патриоттық
сұрақтар бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстары ұйымдастырылып
өткізілсін;

3

3) Тізімді алу кезінде, орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс
істері жөніндегі бөлімге мұғалім бөліп олардың оқуын ұйымдастырып,
қолданған шаралары туралы 2008 жылдың 25 наурызында аудан әкіміне
мәлімет жасасын;

4

4) Оқу орындарын тексеру ұйымдастырылсын және тізімге алынушы
жастардың даму дәрежесін анықтасын;

6

6. Ішкі істер басқармасы бастығы (Казербаев Данияр Камалбекұлы):

1

1) Әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген
жастарды іздестіруге көмек көрсетілсін;

2

2) Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің істері жөніндегі
инспекцияларда есепте тұрған жасөспірімдердің тізімі берілсін;

7

7. Ауылдық, поселкелік әкімдерге, мекеме, үйым, мемлекеттік білім
басшыларымен келісілсін, тізімге алынушы жасөспірімдерге нақтылы мәлімет берілсін.

8

8. Аудандық білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімдерінің басшылары аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне
техникалық жұмысшылармен қамтамасыз етсін.

9

9. Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына (Әшірбаев
Нұрқанат Өксіханұлы) осы қаулының орындалу барысы туралы 2008 жылыдың 10 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.

10

10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.

11

11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.