Қолданыстағы ред. 19.12.2007 (Редакция 36856_325377.kaz)

1991 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы от 19.12.2007 г. № 13 (1991 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы)

0

1991 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес және әскер жасына дейінгі аудан азаматтарының әскери қызметке жарамдылығы мен денсаулық жағдайын анықтау және оларды есепке қою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Аудан бойынша 1991 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізіп, әскери бөлімдерге алдын ала бөлу үшін азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссия құрамы 1 қосымшаға және 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық поликлиника директоры (Шатенова Б.К.) (келісім бойынша) 2008 жылдың 28 қаңтарынан 31 наурыз аралығында тіркеуге жататын азаматтарды:

1

1) аудандық ауруханада флюрографиялық тексеруден дәрігерлік куәландыру өткізу;

2

2) стационарлық тексеруден өтушілерге және тіркелушілерге емханадан орын бөлу, емдеу және тексеруді кезектен тыс өткізу;

3

3) дәрігерлік куәландыруға дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу ұсынылсын.

3

3. Селолық округ әкімдері:

1

1) шақыру учаскесіне тіркеуге шақырылған азаматтарды кестеге сәйкес мерзімінде жеткізсін және қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін;

2

2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін автокөлік бөлсін және қысқы кезеңде кездесетін жолсыздық жағдайы ескеріліп, даярлық қарастырылсын;

3

3) жастарды шақыру учаскесіне жеткізуді алғашқы әскери дайындық жетекшісі және селолық округ маманы жүзеге асырсын.

4

4. Тасқала аудандық ішкі істер бөліміне (Зиналиев Б.Ғ) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде (келісім бойынша) ұсынылсын.

5

5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Мусалимова Р.С) тіркеуді жүргізуге және қажетті құжаттарды әзірлеу үшін көмектесу үшін 2 адам бөлсін.

6

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төкешева Айгүл Әдиетқызына жүктелсін.

7

7. Осы шешім қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.
Келісілді:
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
А.Ә.Жұбанышқалиев
Келісілді:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Б.Ғ.Зиналиев
Келісілді:
Аудандық поликлиника
директоры
Б.К.Шатенова

14. Аудан бойынша 1991 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізіп, әскери бөлімдерге алдын ала бөлу үшін азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссия құрамы

Аудан әкімінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 13 шешімімен бекітілді
№ 1 қосымша
Аудан бойынша 1991 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізіп, әскери бөлімдерге алдын ала бөлу үшін азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссия құрамы
Жұбанышқалиев Абат Әсетұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Шынбаев Қанатғали Қажыбайұлы – аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы комиссия төрағасының орынбасары;
Құсайынов Әлібек Жақымұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша), комиссия мүшесі;
Шатенова Балжан Кадымқызы - аудандық поликлиника директоры, комиссия мүшесі, медициналық комиссияның төрайымы;
Айтжанова Нұрсұлу - медбике, комиссия хатшысы.

15. 1991 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу кестесі

Аудан әкімінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 13 шешімімен бекітілді
№ 2 қосымша
1991 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу кестесі

Селолық округтер атауы
Медициналық комиссиядан өту күндері
Қаңтар-ақпан
Барлығы
28-29
30-31
1-4
5-6
7-8
11-12
13-14
1
Ақтау
19
19
2
Амангелды
21
21
3
Достық
12
12
4
Қосшы
14
14
5
Қазақстан
21
21
6
Тасқала
74
40
34
7
Мереке
15
15
8
Мерей
29
29
9
Шежін
17
17
Барлығы
222
33
33
40
36
34
46