О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку
- Атауы (қаз.)
- 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 24.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2007 37010_323227.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07BE000090
- ЭКБ идентификаторы
- 37010
- Редакция идентификаторы
- 37010_323227
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:26
0 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңдары негізінде және 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу және оларды әскери есепке енгізуді ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету мақсатымен Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Шақыру пункті «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (алдағы ММ) ұйымдастырылсын.
2 2. 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2008 жылдың қаңтардан наурызға дейінгі аралығында жүргізілсін.
3 3. «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығы М.Е. Тұрмановқа (келісім бойынша) тіркелуге тиісті азаматтарды шақыру жүргізілсін.
4 4. «Атбасар орталық аудандық ауруханасы» ММ бас дәрігері Т.М. Махамбетоваға (келісім бойынша), «Атбасар аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері С.А. Панасюраға (келісім бойынша):
1 1) «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығының өкімімен маман-дәрігерлер мен орташа медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
2
2) «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ өтінімі бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» № 100 бірлескен бұйрығының № 7 қосымшасы бойынша азаматтарды куәландыру үшін медициналық комиссияны медициналық және басқа қажетті мүліктермен жабдықтау қамтамасыз етілсін;