Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан, 1991 года рождения, к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района Карагандинской области

Қаулы · № 28/03 · қабылданған 28.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1991-ekb-37040/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О проведении приписки граждан, 1991 года рождения, к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района Карагандинской области Күшін жойған Қаулы ·№ 28/03 ·28.12.2007
28.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан, 1991 года рождения, к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района Карагандинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 28/03 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан, 1991 года рождения, к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы Абай ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды тізімге алуды жүргізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/03
Қабылданған күні
28.12.2007
Көрсетілген редакция
28.12.2007 37040_321705.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07KI000041
ЭКБ идентификаторы
37040
Редакция идентификаторы
37040_321705
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:19

0 Қарағанды облысы

Абай ауданының Қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне
1991 жылы туған азаматтарды
тізімге алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» № 371 қаулысын орындау үшін, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2008 жылдың қаңтар - наурызында Қарағанды облысы Абай ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туғандарды тізімге алу жүргізілсін.

2 2. Шақыру учаскесіне азаматтарды тізімге алу уақытылы және сапалы өтуі үшін мына құрамдағы комиссия құрылсын:

1 1) Қайрат Балташұлы

Әбішев
- Абай ауданы қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы,
комиссия төрағасы;

2 2) Нұрлан Маусымбекұлы

Тлесов
- Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің
бастығы, шақыру комиссиясы
төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:

3 3) Ержан Махметұлы

Сауқамбеков
- Абай ауданы ішкі істер Басқармасы
бастығының орынбасары;

4 4) Олег Васильевич Зубков - Абай қаласының орталық қалалық

ауруханасының оташы-дәргері,
медициналық комиссиясының төрағасы;

5 5) Гүлшәр Сағынбайқызы

Дүйсенбекова
- Абай қаласының орталық қалалық
ауруханасының медбикесі, комиссия
хатшысы.

3 3. Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы (Қайрат Балташұлы Әбішев) 2008 жылдың 14 қаңтарынан 31 наурыз аралығында 1991 жылы тұған және Абай ауданы аймағында уақытша және тұрақты мекен жайда тұратын бұрын тізімге алынбаған жоғарғы жастағы азаматтарды тізімге алуды сапалы өткізіуді ұйымдастырсын.

4 4. Абай қалалық орталық аурухана мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын директоры (Ақылбек Бектұрсынұлы Төлекин) тізімге алу бойынша медициналық куәләндырудан өткізу үшін:

1 1) 8 адамнан тұратын жоғары тәжірибелі дәрігер - мамандар, сонымен қатар 5 адамнан тұратын қызмет көрсету деңгейі орташа жұмыскерлер бөлсін.

2

2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2007 жылдың 4 наурыздағы №100 және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2007 жылдың 16 наурызындағы №117 «Казақстан Республикасы Қарулы Күштеріңдегі, басқа да әскери бөлімдердегі және әскери құрам бөлімдеріндегі әскери-дәрігерлік экспертиза Ережесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығының № 7 қосымшасына сәйкес, медициналық комиссия жұмысын дәрі - дәрмектермен, құрал - саймандармен, медициналық шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етілсін.

3 3) Емделуге және стационарлы тексерілуге мұқтаж еткендерге уақытылы көмек көрсету, қажет болған жағдайда госпиталдау, осы мақсатта қажетті мөлшерде жататын бос - төсек орындар бөлінсін.

5

5. «Абай қаласы орталық қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кэсіпорын директор (Ақылбек Бектұрсынұлы Төлекин), «Абай ауданы аудандық медицина бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазынапіылық кәсіпорын директоры (Наталья Григорьевна Белан) 2008 жылдың қаңтар айында 1991 жылы туған азаматтарды тізімге алу барысында кеуде қуыстарын флюорографиясын, жүрек электркардиограммасын, қан, зәр, микрореакцияға анализ, туберкулезге байқаулар өткізсін.

6

6. Кәсіпорын, ұйым, мекеме, оқу мекемелерінің басшыларына, ауыл және кент әкімдеріне аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының бұйрығымен орнатылғаy 1991 жылы туған жасөспірімдерді мерзімдік тізімге алудан өткізу үшін шақыру учаскесіне келуді ұйымдастыру, оларға уақтылы хабар беруді қамтамасыз ету шаралары қабылдансын.

7 7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы (Любовь Константиновна Әубәкірова) шақыру учаскесінде тізімге алуды жүргізу кезінде ақпараттық және мәдени - бұқаралық жұмыс жоспарын әзірлесін.

8

8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Сайран Әбдуәлиұлы Садық) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, шақыру учаскесіндегі азаматтарды тізімге алуға байланысты бюджетте қарастырылған қаражат шегінде «Жалпы әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс - шаралар» бағдарламасы бойынша іс - шараларын қаржыландыру жүргізілсін.

9 9. Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Серік Әйткенұлы Ақсанов) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес тізімге алу кезеңінде 8 адамнан тұратын техникалық адамдар бөлсін (2 ерлер және 6 әйелдер).

10 10. Абай ауданы Ішкі істер басқармасының бастығы (Айдар Қарсақбайұлы Маханбетов) ауыл және кент әкімдеріне:

1 1) Тізімге өту кестесі бойынша ауыл округтары мен кенттерден әскер қатарына шақырылғандарды мемлекеттік автоинспекция және учаскелік полиция инспекторының қостауымен шақыру учаскесіне жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

2 2) Шақыру учаскесіне тізімге алуға келмеген азаматтарды іздестіру тобы құрылып, іздестіру тобының құрамына келесі өкілдер, Абай ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінен Марат Антонұлы Оспанов және Абай ауданы ішкі істер Басқарамасынан Виталий Петрович Дедов енгізілсін.

11 11. Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығына (Қайрат Балташұлы Әбішев) 1991 жылғы туған азаматтарды тізімге алуды өткізу қортыныдысы бойынша, аудан әкімі аппаратына ақпарат берсін.

12

12. Абай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 мамырда «2005 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізу Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери міндеттер туралы» Заңын орындау туралы» №13/04 және 2007 жылғы 4 қаңтардағы «Қарағанды облысы Абай ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тізімге алуды жүргізу іуралы» № 01/32 қаулыларының күші жойылған деп саналсын.

13 13. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен соң 10 күнтізбелік күндер ағымында күшіне енгізіледі.

14 14. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.

«КЕЛІСІЛДІ»
Абай ауданы қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
Әбішев Қайрат Балташұлы
28.12.2007 ж.
«Абай ауданы аудандық
медицина бірлестігі»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын директоры
Белан Наталья Григорьевна
28.12.2007 ж.
Абай ауданы ішкі істер
Басқармасының бастығы
Маханбетов Айдар Қарсақбайұлы
28.12.2007 ж.
«Абай қаласы орталық
қалалық аурухана»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын директоры
Ақылбек Бектұрсынұл Төлекин
28.12.2007 ж.

Қолданыстағы