1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Атауы (қаз.)
- 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-35
- Қабылданған күні
- 28.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2007 · қолданыстағы 37088_349273.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07DG000053
- ЭКБ идентификаторы
- 37088
- Редакция идентификаторы
- 37088_349273
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:19
0 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ак жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрамаларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған, сондай-ак бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
2 2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері:
1 1)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын 1991 жылы туылған жастардың тізімін бepciн;
2 2)1991 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алуды қамтамасыз етсін.
3 3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Аширов Қасым Әбілдаұлы):
1 1)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің icтepi жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
2 2)корғаныс icтepi жөніндегі бөлімге әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.
4 4. Аудандық орталық аурухана (Молдахалықова Доғдырқұл
Өмірқұлқызы):
1 1)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл icкe тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
2
2)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге 1991 жылы туылған амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажет медицинальщ құжаттарын, туберкулез, наркологиялық, тepi-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірім кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
3 3)тipкeyгe алуға дейін 1991 жылы туылған барлық жастарды қажет медициналық тексеруден өткізсін;
4 4)ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсырсын.
5.Аудандық білім беру бөлімі (Алтынбекова Светлана Амантайқызы):
1 1)тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге уәкілін бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
2 2)1991 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарын түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы):
қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1991 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.