Құжат мәтініне өту

Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы

Қаулы · № 48 · қабылданған 26.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1991-ekb-37298/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 48 ·26.12.2007
26.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 48 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
Атауы (қаз.)
Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
48
Қабылданған күні
26.12.2007
Көрсетілген редакция
26.12.2007 · қолданыстағы 37298_320849.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07ZG000059
ЭКБ идентификаторы
37298
Редакция идентификаторы
37298_320849
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:22

0 Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31, 37 баптарын және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занының 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскелеріне Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған азаматтарын тіркеу 2008 жылдың қаңтар -наурыз айлары ішінде жүргізілсін.

2 2. Тіркеуді жүргізу кезеңіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу өткізілсін.

3 3. Ауыл округтерінің әкімдеріне, кәсіпорын және мекеме басшыларына азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуді өту үшін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуді өту үшін келуін қамтамасыз етуге қажетті шаралар алу ұсынылсын.

4 4. Ауыл округтерінің әкімдері шақыру учаскелеріне жастарды алып баруға алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларын тартсын.

5

5. Кәсіпорын және мекеме басшылары тіркеу және медициналық куәландыру бойынша комиссия жұмысына тартылған азаматтардың сондай-ақ, тіркеуге жататын жастардың жұмыс орны бойынша орташа жолақысы сақталатынын ескерсін. Шақыруға дейінгі азаматтар әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.

6 6. Аумақтық медицина бірлестіктері директорларына (Е.В.Тоқсанов, В.М.Савельева):

1 1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге көмек көрсету жөніндегі шаралар дайындасын, тәжірибелі маман - дәрігерлерді, орта медперсоналдың қажетті санын тартсын, шақыру пунктерін керекті медициналық санитарлық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етсін;

2 2) флюрографиялық тексеруді, ЭКГ , анализ және алдын -ала егуді өткізуді қамтамасыз етсін;

3 3) тіркеуге жататын адамдарға медициналық құжаттамаларды және тубдиспансерде, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде және жұқпалы ауруханада есепте тұратын адамдардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын;

4 4) қажетті жағдайларда шақырушыларды стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін қажетті мөлшерде мақсатты белгіленген төсек-орын бөлінуін қарастырсын;

5 5) шақырушылар арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын тіркеудің бастамасын жүргізсін, тіркеудін нәтижесінде анықталғандардың сауықтырылуын 2008 жылдың 5 мамырына дейін аяқтасын.

7 7. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы (Рахметов Т.Х. және Приурал полиция бөлімі Чиняев Н.Н.) тіркеу кезеңіне шақыру учаскелерінде тәртіпті қамтамасыз етсін; азаматтардың шақыру учаскелеріне келуін бақылауды іске асырсын, тіркеуден жалтару әрекеттерін тоқтатсын.

8 8. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (Габдушев М.Г) аудандық білім беру бөлімімен (Жұмабаева Ә.Ә.) бірлесе отырып, жоғары сынып оқушылары арасында оларды әскери оқу орындарына жіберу үшін кандидаттарды анықтау және іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

9 9. Аудандық білім беру бөлімі (Жұмабаева Ә.Ә.) алғашқы әскери дайындықтың нормативтік талаптарын орындау бойынша жастардың жүйелі дайындығын ұйымдастырсын.

10 10. 2007 жылдың 3 ақпанындағы №5 «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған аудан әкімінің «Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 46 2007 жылғы қаңтардағы тіркеу № 7-7-46 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

11 11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М. Құлжановаға жүктелсін.

12 12. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (Габдушев М.Г.) тіркеудің нәтижелерін аудан әкімдігіне 2008 жылдың 5 сәуіріне тапсырсын.

13 13. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы